Еуроодақта 2025 жылдың басынан бері 72 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын жабылды

0
86

Еуропалық Одақтағы (ЕО) 2025 жылдың алғашқы сегіз айында жұмысын тоқтатқан ірі кәсіпорындардың саны жаһандық қаржы дағдарысының шарықтау шегіне ұқсас деңгейге жетті. Бұған Еуропа қайта құрылымдау мониторингі сайтындағы деректер дәлел.

«Еуропалық Одақтағы барлығы 72 ірі өнеркәсіптік кәсіпорын ағымдағы жылдың 1 қаңтарынан 31 тамызына дейін жұмысын тоқтату жоспарын жариялады. Рекордтық көрсеткіш 2009 жылы болды, сол кезеңде 81 өнеркәсіптік компания жабылды», — делінген мониторинг деректерінде.

Сонымен қатар, 2020 жылы COVID-19 пандемиясы жағдайында небәрі 49 кәсіпорын жабылу туралы шешім қабылдады.

Өткен жылдардан айырмашылығы, жабылған кәсіпорындардың негізгі бөлігі Германияда болса, 2025 жылы бұл процесс Еуропалық Одақтағы барлық дерлік елдерінде байқалады. Кәсіпорындардың ең көп саны Испанияда – 17%, Францияда – 14%, Чехия мен Германияда – 11% өз жұмысын тоқтатқан. Хорватия мен Данияда өз кезегінде бір ғана кәсіпорын жабылды.

Салдарынан өнеркәсіп саласында 18 мың адам жұмыссыз қалды. Бұл Еуропалық Одақ тарихындағы үшінші ең жоғары көрсеткіш. Осылайша, COVID-19 пандемиясы кезінде жұмыстан босатылғандар саны 18,7 мың, ал 2008 жылғы жаһандық қаржы дағдарысы шарықтау кезінде 27,3 мың болды.

Еуропалық Одақ экономикасының барлық салаларында жабылған ірі кәсіпорындардың жалпы саны 99-ға жетті, бұл да 2009 жылдан бергі ең жоғары көрсеткіш.