Нетаньяху Катардағы ХАМАС жетекшілерін жоюға шақырды

0
40

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху 13 қыркүйекте Катардағы палестиналық Хамас қозғалысының жетекшілері қақтығысты әдейі ұзартып жатыр деп мәлімдеді және оларды жоюға шақырды.

«Олардан құтылу біздің барлық кепілге алынғандарды босату және қақтығысты тоқтату жолындағы басты кедергіні жояды», — деді ол әлеуметтік желіде.

Премьер-министр сонымен қатар палестиналық қозғалыс өкілдері қақтығысты ұзарту үшін атысты тоқтатудың барлық әрекеттеріне тосқауыл қойғанын қосты. Оның пікірінше, ХАМАС жетекшілері Газа тұрғындарын ойламайды.
9 қыркүйекте Америка Құрама Штаттары ұсынған Газа секторында атысты тоқтату жоспарын талқылау үшін Катардың астанасы Дохаға келген Хамас келіссөздер делегациясына шабуыл жасалды.Сол күні Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролин Ливитт АҚШ президенті Дональд Трамптың Катарға алдағы соққылар туралы ескерту әрекетінің тым кеш жасалғанын айтты.

Сол күні Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антониу Гутерриш Израильдің Катарға жасаған соққысын айыптап, оны осы мемлекеттің егемендігі мен аумақтық тұтастығын өрескел бұзу деп атады. Кейін «еуропалық үштік» (Франция, Германия және Ұлыбритания) сыртқы істер министрліктерінің басшылары да Израильдің Дохаға жасаған соққысын айыптап, бұл әрекеттер аймақтағы жағдайды ушықтыру қаупін тудыратынын атап өтті.