Қазақстанның Туризм және спорт министрі Ресей премьер-министрінің орынбасарымен кездесті

0
52

Ресей Премьер-министрінің орынбасары Дмитрий Чернышенко атап өткендей, қазіргі геосаяси жағдайда Қазақстан мен Ресей жақын дос, шынайы одақтас және стратегиялық серіктес болып қала береді.

«Екіжақты қарым-қатынастарымыздың негізі ұлттық көшбасшыларымыз – Ресей Президенті Владимир Путин мен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев арасындағы жолдастық және терең сенімге негізделген қарым-қатынас болып табылады. 2025 жылғы 10 қыркүйекте Қазақстанға жұмыс сапарым барысында Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Олжас Бектеновпен бірге біз екі ел арасындағы әртүрлі салалардағы ынтымақтастықты талқыладық», — деді Д.Чернышенко.

Премьер-Министрдің орынбасары қазақстандық делегацияға Князь Александр Невскийдің халықаралық спартакиадасы бағдарламасы бойынша спорттың бес түрінен спортшылардың қатысқаны үшін алғыс айтып, қазақстандықтарды «Ресей – спорт күші» халықаралық спорт форумына шақырды.

Дмитрий Чернышенко туризм саласындағы ынтымақтастыққа да тоқталды: «Қазақстан ресейліктер үшін шетелде ең танымал үш бағыттың қатарына кіреді. 2025 жылдың бірінші жартыжылдығында туристік ағынның жалпы саны 2,3 миллион саяхатты құрады»,-деді.

ҚР Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов 2025 жылдың сәуірінде ресейлік туроператорлар Алматыда өткен 23-ші Қазақстан халықаралық «Саяхат және туризм» көрмесіне қатысқанын және Ресей Алтай өлкесі мен Санкт-Петербург стендтерін көрсеткеніне тоқталды.

«2024 жылы қазақстандық спортшылар 30-дан астам спорттық іс-шараға қатысты. Ресей — спорттық держава. Біз ірі жарыстарды ұйымдастыру үшін спортшыларды дайындаудағы тәжірибелерңізді бағалаймыз. Біз үшін осы тәжірибеден сабақ алып, бірлескен жобаларды әзірлеу маңызды», — деп қосты Ербол Мырзабосынов.

Ресей Олимпиада комитетінің төрағасы Михаил Дегтярев РФ Президенті Владимир Путиннің нұсқауымен Шанхай ынтымақтастық ұйымы қазақстандық әріптестерімен келесі жылы ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің қатысуымен ашық форматта халықаралық жарыстар өткізу бастамасын талқылап жатқанын атап өтті. Бұл спортты дамытудың жаңа бастамасы болмақ.

«Жақында біздің спортшылар Әзірбайжанда ТМД ойындарында кездеседі. Желтоқсан айында Уфада мүмкіндігі шектеулі балалардың бірінші қысқы Спартакиадасы өтеді. Қазақстандық делегацияны қуана қарсы аламыз. Қазақстандық әріптестеріме халықаралық алаңдарда ресейлік спортшыларға қолдау көрсеткені үшін ерекше алғыс айтқым келеді. Біз бұл ынтымақты сезініп, жоғары бағалаймыз», — деді ол.

Кездесуден кейін Дмитрий Чернышенко Ербол Мырзабосыновты Ресей үкіметінің үйлестіру орталығының жұмысымен таныстырды.