АҚШ пен Өзбекстан ядролық ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойды

0
70

Өзбекстан мен Америка Құрама Штаттары атом энергетикасы саласында ынтымақтасады, деп хабарлайды Америка Құрама Штаттары елшілігінің баспасөз қызметі.

Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік хатшысының қаруды бақылау және халықаралық қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Брент Кристенсен мен Өзбекстан сыртқы істер министрінің орынбасары Музаффарбек Мадрахимов ядролық ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл атом энергетикасы саласындағы сарапшылар мен өнеркәсіп арасындағы кеңейтілген ынтымақтастық үшін негіз жасайды.

Келісім төмендегілерді көздейді:

  • екі елдің ғалымдары мен ядролық мамандарының өзара іс-қимылы;
  • атом энергетикасы саласындағы біліммен, технологиялармен және стандарттармен алмасу;
  • болашақта ғылыми-зерттеу объектілері мен ядролық реакторлар инфрақұрылымының ықтимал жобалары;
  • жаһандық энергетикалық бәсекелестік жағдайында отандық атом өнеркәсібін нығайту бағдарламасын Америка Құрама Штаттары тарапынан қолдауы.

Бұл президент Трамптың жаһандық бәсекелестікте американдық ядролық өнеркәсібін қолдау туралы жарлығына сәйкес келеді, делінген хабарламада.

Кристенсен Вашингтонның Ташкентке терроризмге қарсы және басқа да ортақ қауіпсіздік мәселелеріндегі серіктестігі үшін алғыс білдіретінін атап өтті.

Америка Құрама Штаттары Мемлекеттік департаментінің өкілі әлеуметтік желіде «Америка Құрама Штаттары мен Өзбекстанның экономикалық байланыстары атом энергетикасы, маңызды пайдалы қазбалар және басқа да салалардағы инвестициялық әлеуеті артып келе жатқан берік негізге сүйеніп отыр» деп жазды.
Ол ядролық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою екі елдің сарапшылары мен өнеркәсібі арасында атом энергетикасы саласындағы кеңірек ынтымақтастықтың негізін қалайтынын айтты.

«Бұл президент [АҚШ] Дональд Трамптың американдық атом өнеркәсібінің жаһандық деңгейде бәсекеге түсуіне көмектесуге бағытталған бұйрығына сәйкес келеді», — деп атап өтті Кристенсен.

Жазда өзбек сенаторлары Өзбекстанның ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясына қосылуы туралы заңды мақұлдады. Бұл елдегі бірінші атом электр станциясының құрылысына байланысты сақтандыру мен өтемақы төлеудің құқықтық тетіктерін жасайды.
Естеріңізге сала кетейік, ядролық апат болған жағдайда өзбекстандықтар өтемақы алуға құқылы болады.