Қазақстан ТМД-ға қатысушы мемлекеттермен ашық сауданы қамтамасыз ету мәселелерін пысықтады

2025 жылғы 14-16 қазан аралығында Санкт-Петербург қаласында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына (ТМД КСРНС) қатысушы мемлекеттердің салық қызметтері басшыларының сарапшылары мен үйлестіру кеңесінің XXXII отырысы өтті.
Жұмысқа Қазақстан Республикасының, Әзербайжан Республикасының, Армения Республикасының, Беларусь Республикасының, Қырғыз Республикасының, Ресей Федерациясының, Тәжікстан Республикасының, Өзбекстан Республикасының және Түрікменстанның делегациялары, сондай — ақ Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы ТМД Атқарушы комитеті мен қаржы Университетінің – ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салық саласындағы кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі базалық ұйымының өкілдері қатысты.
Қазақстан делегациясын ҚР ҚМ министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының орынбасары Сейілжан Ахметов басқарды.
Отырыс барысында салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге, ынтымақтастықты нығайтуға және ТМД-ға қатысушы елдердің салық қызметтері арасында ақпарат алмасуға қатысты көптеген мәселелер талқыланды.
Талқылаудың негізгі тақырыптары:
— салық органдарының жұмысында клиентоцентризм қағидаттарын енгізу және ТМД елдеріндегі шағын бизнес субъектілері мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған тұлғаларға салық салу көрсеткіштерін талдау (баяндаманы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Д. Ш. Көшібаева ұсынды);
— ашық сауданы қамтамасыз ету және көлеңкелі экономикаға қарсы күрес құралы ретінде тауар ағындарының қозғалысын бақылау жүйесін дамыту (МКК өтпелі мониторинг басқармасы басшысының орынбасары С.Сақауовтың баяндамасы);
— салық инспекторы мамандығының болашағы және оны дайындаудың заманауи тәсілдері — МКК Халықаралық ынтымақтастық басқармасының басшысы Е.К. Қожабергеновтың баяндамасы.
Отырысты Үйлестіру кеңесінің төрағасы, Федералдық салық қызметінің басшысы Даниил Егоров ашты. Ол өз сөзінде халықаралық ынтымақтастықты нығайту және ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салық қызметтері арасында тәжірибе алмасу үшін іс-шараның ерекше маңыздылығын атап өтті.
Отырысқа қатысушылар алдында ТМД Бас хатшысының орынбасары Денис Трефилов құттықтау сөз сөйледі.
Денис Трефилов отырысқа қатысушыларды 2025 жылдың қыркүйегінде Минск қаласында (Беларусь) ТМД Үкімет басшылары кеңесінің ТМД-ның 2030 жылға дейінгі Экономикалық даму стратегиясының екінші кезеңін (2026-2030) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіткені туралы хабардар етіп, оған Кеңестің осы кезеңге қатысты салық саласындағы келісілген міндеттері кіретінін атап өтті.
Сондай-ақ ол Кеңес үкіметаралық құжаттарды дайындау және жаңарту бойынша жұмысын жандандырғанын айтты. Осындай құжаттың бірі – Кеңес бекіткен үкіметаралық хаттаманың жобасы үлестік қатысу туралы ақпаратты қосу арқылы алмасу ақпаратының ауқымын кеңейтеді. Бұл Хаттаманың жобасы белгіленген мерзімде ТМД жоғары органдарының қарауына жіберілетін болады.
ТМД Бас хатшысының орынбасары атап өткендей, осымен екінші рет өткізіліп отырған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің салық қызметінің халықаралық жастар форумы Үйлестіру кеңесінің мұрындық болуымен маңызды оқиға болғаны сөзсіз. «Бұл жас салық мамандары арасындағы кәсіби қарым-қатынас пен байланысты нығайтудың маңызды алаңы», — деп атап өтті Денис Трефилов.
Сондай-ақ, ол өз сөзінде Кеңестің салық төлеушілермен өзара іс-қимыл сапасын арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмысын жоғары бағалап, ТМД Атқару комитетінің Үйлестіру кеңесінің қызметін толық қолдайтынын білдірумен қорытындылады.
Отырыс қорытындысы бойынша ТМД КСРНС құрамына өзгерістер бекітілді, кеңестің 2024-2025 жылдарға арналған жұмыс жоспарын орындау қорытындысы шығарылды және 2025-2026 жылдарға арналған жоспар бекітілді. Кеңестің келесі, XXXIII отырысының өтетін күні, орны және негізгі тақырыбы айқындалды.
Қабылданған шешімдер ТМД елдерінің салық органдарының өзара іс-қимылын одан әрі дамытуға, салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, сондай-ақ Достастық кеңістігінде ашықтықты, әділ бәсекелестікті және орнықты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін ақпарат алмасуды нығайтуға бағытталған.
Үйлестіру кеңесінің келесі 33-ші отырысы 2026 жылдың екінші жартысында Тәжікстан Республикасында өтеді. Алдағы отырыстың негізгі тақырыптары: «Салықтық әкімшілендірудің тиімділігін және салық төлеушілерге қызмет көрсету сапасын арттыру үшін жасанды интеллект құралдарын пайдалану мүмкіндіктері» және «ТМД-ға қатысушы мемлекеттерде тәуекелдерді басқарудың заманауи құралдарын қолдану тәжірибесі және ТМД жүйесінде тәуекелдерді басқарудың заманауи құралдарын қолдану тәжірибесі».
