Боливиядағы президенттік сайлауда Родриго Пас жеңіске жетті

0
47

Боливияда жексенбі күні өткен президенттік сайлаудың екінші турында Христиан-демократиялық партияның өкілі Родриго Пас жеңіске жетті. Ол 54,5% дауыс жинады. Оның қарсыласы, консерваторлар партиясының өкілі Хорхе Кирога 45,5 пайызы дауыс алды.
Родриго Пас өзінің үгіт-насихатында жылдар бойы социалистік билік жүргізгеннен кейін елді әлемге «қайта ашуға» және төтенше жоғары инфляциямен, жанармай мен валюта тапшылығымен және басқа факторлармен сипатталатын 40 жылдағы ең ауыр экономикалық дағдарыстан шығудың жолын табу үшін Боливия қоғамының барлық секторларымен ынтымақтасуға уәде берді.

Экономика саласында білімі бар 58 жастағы саясаткер, бұрынғы парламент депутаты, бұрынғы мэр, қазір сенатор, кәсіпкерлік пен сыртқы сауданы ынталандыру үшін салық пен пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуді жақтады.

Ол сондай-ақ Ресеймен және Қытаймен литий өндіру жөніндегі келісім-шарттарды жоюды және Mercosur-мен тереңірек интеграциялауды жақтады. Алайда Родриго Пастың партиясы парламентте абсолютті көпшілікке ие емес және үкімет құру үшін басқа күштермен келіссөздер жүргізуі мүмкін.
Оның әкесі, бұрынғы президент Хамора (1989-1993) қуғында жүргенде Испанияда дүниеге келген Пас сайлау науқаны кезінде «барлығы үшін капитализм» ұранының арқасында танымал болды. Алдын ала жүргізілген сауалнамалар оны бірінші турда басты үміткер болуы екіталай екенін көрсетті. Алайда 17 тамыздағы дауыс беруде ол күтпеген жерден 32% дауыс жинады.
Сарапшылар бұл жеңіс Эво Моралес 2006 жылы президенттікке келгеннен бергі 20 жылдан астам солшыл көшбасшылықтың аяқталғанын атап өтті.

Оның сайлаудағы басты қарсыласы, 2001-2002 жылдары қысқа уақыт мемлекет басшысы қызметін атқарған Туто Кирога жеңілгенін мойындады және Родриго Пасты жеңісімен құттықтады. «Біз оның бірінші турдағы және екінші турдағы жұмысын құрметтейміз. Мен Родриго Пасты құттықтаймын», — деді консервативті Либре альянсының кандидаты сайлау нәтижелері жарияланғаннан кейін баспасөз мәслихатында.

Родриго Пас 2025 жылдың 8 қарашасында президент ретінде ант береді.