9 түркістандық шетелден әкелген көлігін заңдастырды

ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат – 23 қаңтар күні Түркістан облысында 9 адам шетелден әкелген көлігін заңдастырып, жаңа нөмір алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Түркістан облыстық Полиция департаментінен мәлім еткендей, бірреттік акцияның алғашқы күнінде талапқа сай келген 9 көлік барлық тексеруден өтіп, мемлекеттік нөмір берілді.
Тіркеуден өткен автомашиналардың жетеуі – Ресей Федерациясынан, екеуі Армениядан әкелінген. Көліктердің алтауының маркасы – Nexia.
Жалпы таңертеңнен кешке дейін Түркістан облысындағы мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығына 150-ден астам азамат өтініш берген.

Айта кетейік, Түркістан облысында шетелдік көліктерді заңдастыру 5 жерде жүргізіліп жатыр — Түркістан қаласындағы және Мақтаарал, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш аудандарындағы мамандандырылған ХҚО-ларда.