Ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың белсенділігі артпақ

Бүгін Түркістан облысының ауылдық аймақтарын тұрақты дамытуда жергілікті билік органдары мен үкіметтік емес ұйымдары арасындағы өзара іс-қимыл механизмдерін нығайту барысында дөңгелек үстел өтті.
Жиында аудандық ҮЕҰ және ақпараттық ресурстық орталықтардың рөлі және мәселелері, даму перспективалары талқыланды. Сондай-ақ «Түркістан облысының қала, аудандарындағы ақпарттық-ресурстық орталықтары мен ҮЕҰ-ның жұмысын дамыту» жобасымен қоғамды ақпараттандыру барысы да шет қалған жоқ.
Маңызды шара «Береке» ҚБ-мен Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Түркістан облысының қала, аудандарындағы ақпараттық-ресурстық орталықтары мен ҮЕҰ-ның жұмысын дамыту» жобасы шеңберінде ұйымдастырылды. Кездесуге жергілікті билік органдары, аудандық, қалалық ҮЕҰ, ақпараттық ресурстық орталықтары және БАҚ өкілдері қатысты.
Бұл жоба өңірдегі әр аудан, қала және ауылдық ҮЕҰ-ы мен жергілікті тұрғындарына қызмет көрсетуде жұмыс істеп жатқан ақпараттық ресурс орталықтарының қажеттіліктерін анықтауға және дамытуға мүмкіндік береді.