Қазақстанда несие беру ережесін өзгерту ұсынылды

0
94

Қазақстанда ресми кірісі растамалмаған жағдайда клиентке несие беруге тыйым салу жоспарланып отыр. Тиісті заң жобасы депутаттардың бастамасымен әзірленді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтың айтуынша, заң жобасы қазақстандықтардың қарыздық жүктемесін азайтуға бағытталған түзетулерді қарастырады.

«Сонымен қатар, қарыз алушының төлем қабілеттілігін бағалаудың қолданыстағы тәртібі, біздің ойымызша, қайта қарауды қажет етеді, өйткені қазір қарыз алушының кірісі тек ресми расталған кіріспен ғана шектелмейді», — делінген Сүлейменовтің депутаттық сауалға берген жауабында.