Музыка апталығы мәресіне жетті

2024 жылдың 22 қаңтар күні Түркістан облыстық Балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ұйымдастырумен «Өнерлі өрге жүзер» атты музыка апталығының жабылу салтанаты болып өтті. Аталмыш шараны «Дарынды домбырашылар», «Үкілі домбыра», «Дала сазы», «Жас дарын» үйірме бірлестіктері бірлесе ұйымдастырды. Апталықта үйірме жетекшілері ашық сабағын, үйірмеаралық «Патриоттық» ән байқауын, «Музыка бейнелейді» музыка тыңдап отырып сурет салу, «Күй тартыс » байқауларын өткізді. Патриоттық ән байқауында рухты оятатын, керемет патриоттық әндер шырқалды. Ал музыка тыңдап отырып, сурет салудың қандай керемет екенін оқушылар айтады. Музыка сарынымен салынған суреттердің кереметтігінде шек жоқ. Бірінен бірі өтетіндей керемет салынған суреттер расында көздің жауын алады. Қазақтың шертпе күй, төкпе күй сынды күй тартыстары бағзы заманнан бері жалғасып келеді. Бабадан балаға жалғасып келе жатқан осы дәстүрді бүгінгі оқушылар жаңғыртып жүр. Сонымен бірге, апталықта атқарған жұмыстарымен бөлісіп, үйірме апталығында белсене қатысып орын алған оқушылар Дипломмен, ал үйірме жетекшілері «Алғыс хатпен» марапатталды. Үйірме мүшелері ән айтып, күй тартты.