Күміс көмей әншінің кеші өтті

0
70

 

 

Бүгінде Түркістан өлкесінде әсем дауысты, күміс көмей әншілер жетерлік. Олардың ішінде дара шауып дүлдүл атанғандары да аз емес. Солардың бірі де бірегейі Нұргүл Алтынбекқызы. Дара дауысты дарабозды құрметтеп, қошеметтейтін қалың тыңдарманы баршылық. Жуырда Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданында әнші Нұргүл Алтынбекқызының «Өнерім бағым» атты шығармашылық ән кеші өтті. Жиынға өнердегі достары, ұстазы, шәкірттері, ұлы әннен шашу шашып думанның ажарын аша түсті. Ән салумен қатар спектакльден де Перизат Баймаханова мен бірге көрініс қойып, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді. Әншінің репертураындағы әсем әндер кезек кезегімен айтылып шықты. Қалың көрермен әншіге деген ыстық ықыластарын аянып қалған жоқ.

Мерекелік құттықтаулар да лек легімен толассыз болып, құшағы гүлге толды. Аудан әкімінің алғыс хаты мен сыйлығын, ән кешіне арналған ықылас гүлін, Ордабасы Аудандық мәслихаты төрағасының, облыстық мәдениет және туризм басқармасы басшысының, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығы басшысының алғыс хаттары арнайы тапсырылды. Халықтың ықыласы бұдан да ерек болса керек. Күміс көмей әншінің құшағын гүлге толтырды.

Кеш соңында Ордабасы аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басышысы Асанбаев Нуридин мырза барша келген қонақтарға алғысын білдіріп, кеш иесіне үлкен өнер айдынында қанатыңыз талмасын деп тілек білдірді. Ал тыңдарман қауым да өз тілектерін жаудырды. Алдағы уақытта әнші ән сапарын жалғастыра бермек.