Есте қалар есті әндердің кеші өтті

Сырлы Созақ… Нулы Созақ… «Созаққа барсаң күйшімін деме» деген ұлылардан қалған тәмсіл бар. Киелі өңірдің әр азаматы өнерден алыс алыс емес. Күні кеше Түркістан облысына қарасты Созақ ауданында «Есте қалған есті әндер» атты ретро әндер кеші өтті. Жанды дауыста өткен концертте 1980-ші, 1990-шы және 2000-шы жылдардың танымал композициялары шырқалды. Керемет естіледі! «Есте қалатын есті әндер» ретро әндер кеші – музыкадан ләззат алуға және өткен онжылдықтардың хит әндерін еске алуға тамаша мүмкіндік. Осындай оқиғалар ұрпақтардың музыкаға деген сүйіспеншілігін біріктіріп, естеліктерімен бөлісуге мүмкіндік береді. 1980, 1990 және 2000-шы жылдардағы әндер тыңдаушылар арасында жиі сағыныш пен жағымды естеліктер тудырады. Бұл өткен уақыттардың атмосферасына енуге және жақсы музыкадан ләззат алуға тамаша мүмкіндік. Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мыңжылқы» мәдениет сарайы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынның ұйымдастыруымен өткен концертте өз уақытының әсем сазы болған әуезді әндер көрерменмен қайта қауышты. Бір кездері аға буынның сүйікті әндері болған хит туындылар бүгінде ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келеді. Сол кездері қалың тыңдарман тарапынан қошеметке ие болған әндердің тыңдаушылары әлі де бар. Кешке жиналғандар әншілермен сағынышқа толы сазды әндерді қосыла шырқады.
Ұйымдастырушылар мұндай кештің аға буын өкілдерін жастық шағына сапар шектіріп, өскелең ұрпаққа төл мәдениетімізді жадынан шығармауына зор септігін тигізеді дейді. Сондай-ақ ән кешінің мақсаты есті әндердi жас орындаушыларға жеткiзу, аудан халқына сапалы мәдени қызмет көрсету екенін атап өтті.
Кеште Шәмші Қалдаяқов, Сейдулла Бәйтереков, Кеңес Дүйсекеев, Ескендір Хасанғалиев, Төлеген Мұхамеджанов, Алтынбек Қоразбаев сынды бірқатар өнер майталманының туындылары орындалды. орындаған әндер қалың көпшіліктің көңілінен шықты.
Жастық шағын есіне алғысы келген жұрт ауа-райына қарамастан кешке ағылды. Көпшілік қауым мәдениет сарайының әншілерінің жаңа сипатта орындаған ретро әндерін керемет көңіл-күйде қосыла шырқап отырды. Сағындырған әсем әуен тыңдаған көрермен ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп тарқады.