Мәдени ошақтар бой көтеруде

Түркістан облысына қарасты Сарыағаш ауданындағы Қабланбек ауылдық округі, Қанағат елді мекенінде «Ауыл–ел бесігі» бағдарламасы аясында 150 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысы жүргізіліп жатыр. Түркістан облысы, Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округіне қарасты Қанағат ауылында «Ауыл бесігі» бағдарламасы аясында салынып жатқан мәдениет үйі мен кітапхананың бой көтеріп жатқанына әсіресе ауыл халқы қуанулы. Бұл нысандардың осы ауылдың мәдени өмірі мен білім саласының өркендеуінде алатын орны зор болмақ.
150 орындық мәдени орталық жергілікті тұрғындар үшін мәдени-әлеуметтік шаралар өткізетін орталыққа айналады. Мұнда концерттер, театрландырылған қойылымдар, көрмелер және басқа да мәдени шаралар өтеді. Мұндай мәдени орталық жергілікті тұрғындардың шығармашылығын дамытуға, әлеуметтік инклюзияға ықпал етуге және мәдени ойын-сауыққа қолжетімділікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Кітапхана өз кезегінде білім мен өзін-өзі тәрбиелеу орталығы қызметін атқаратын болады. Ол кітаптарға, журналдарға, электронды ресурстарға және басқа да материалдарға қол жеткізуге мүмкіндік береді, жергілікті қоғамдастықтың сауаттылығын, білімін және мәдени дамуына ықпал етеді.
Мәдениет үйі мен кітапхананың салынуы Қанағат кентінің инфрақұрылымы мен мәдениет саласын дамытудағы маңызды қадам болып табылады. Олар жергілікті тұрғындардың шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға жағдай жасап, өңірдің мәдени мұрасын сақтауға және насихаттауға үлес қосады.
Мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысы ойдағыдай аяқталып, Қанағат ауылындағы мәдени-интеллектуалдық өмірдің орталық орнына айналады деген сенім басым. Бұл нысандар аудандағы білім мен мәдениет пен қоғамдық өмірдің дамуына септігін тигізіп, барша жергілікті тұрғындардың игілігіне айналады.
Жуырда Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаевтың жұмыс жоспарына сәйкес әр екі апта сайын құрылыс жұмыстарының басында болып, құрылыс қарқыны мен сапасын тексеру жоспарланған.
Осыған орай, бүгін аудан әкімі Қабланбек ауылдық округі, Қанағат елді мекеніне арнайы барып, «Ауыл–ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан 150 орындық мәдениет үйі мен кітапхананың құрылысы жұмыстарының барысын бақылады.
Мердігер мекеме тарапынан құрылыс нысанында жобаға сәйкес бетон плиталары мен кірпіш қалау жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда, шатыр жұмыстарының фермалары қойылып, шатыр жабу жұмыстары және ішкі сылақ жұмыстары атқарылуда.
Құрылыс қарқынын бақылаған аудан басшысы мердігер мекеме өкіліне бірқатар ескертулер атап өтіп, ауа райының құбылмалдылығын ескеруді сондай-ақ, құрылыс нормативтерін сақтап, жұмыстарды мерзімінде және сапалы аяқтап, халық игілігіне пайдалануға беруді тапсырды. Сонымен қатар, жауапты бөлім басшысына құрылыс барысын баяндауды тапсырды. Екі мәдени ошақ та биыл пайдалануға тапсырылады деген жоспар бар.