Тағылымдамалық сабақ өтті

0
109

 

 

Бүгінгідей дамыған заманда жан-жақты болу өте маңызды. Креатив бейнеролик түсіру үшін ең алдымен шабыт қажет. Сосын жоспар керек. Ал одан кейін идея, оған қандай актер түседі немесе кімді, нені түсіремін деген сұраққа жауап табу маңызды. Сценарий, қандай өлшемде, қанша минут, қандай кадр, анимация, бәрін жазып алу керек. Видеоны түсіргенде мобилограф продюсер, режиссер, стилист болады. Түсірілімде бүкіл саланы білсең жақсы. Ал жарнамалық ролик түсіретін болсаң, 10 секунд болу керек деген сияқты талаптар да бар. Осы 10 секундта роликте 12-13 кадр болуы тиіс. Мұны динамикалық, көз ілеспес жылдамдықпен түсіреді. Әсіресе мобилографтардың мәдени шараларды түсіруде қаны жерге тамбай тұр. Театрландырылған көріністер, кішігірім клиптер түсіруде аталған мамандық иелеріне сұраныс көп. Осыған орай Түркістан облысындағы Сайрам ауданы білім бөліміне қарасты «Оқу-өндірістік комбинаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Мобилография» кәсібінің мұғалімі Сағат Қазбек Әмірханұлы осы кәсіпте оқитын оқушылармен «Автокөлік түсіру және оны креативті монтаждау» тақырыбында тағылымдамалық сабақ өтті. Тағылымдық сабақта оқушылар автокөлік түсіру кезінде қолданылатын тәсілдірдің қыр-сырын меңеріп, креативті монтаждаудың үлгілерімен танысты. «Мобилография» мамандығы мобильді құрылғыларды пайдалана отырып, жоғарғы сапалы бейне жасаудың негіздері мен озық әдістерін жан-жақты оқытуды ұсынады. Оқушыларға мобильді бейне түсірудің артықшылықтары, ұялы телефондағы камераның негізгі мүмкіндіктері және бейне сапасын жақсартудың әртүрлі жолдары туралы білуге мүмкіндік беріледі. Сонымен қатар мобилография мамандығы бейне материалдарды импорттау мен ұйымдастыруды, уақыт кестесімен жұмыс істеуді, эффектілерді, мәтіндерді және музыканы қосуды, бейнені өңдеуді қамтиды.

Практика сабағында оқушылар бейне түсірудің негіздерін меңгереді және мобильді бейне түсірудің артықшылықтары туралы біледі. Оқушылар ұялы телефондағы камераның негізгі мүмкіндіктерін зерттеп, бейне сапасын жақсартудың әртүрлі жолдарын үйренеді.

«Мобилография» мамандығы ұялы телефонға бейне түсіру туралы кең бөлімді қамтиды. Оқушылар композиция мен преспективаның негіздерін меңгереді. Әртүрлі жоспарлармен жұмыс істеуді және эффектер жасау үшін әртүрлі бұрыштарды пайдалануды, сондай-ақ кадрларды тұрақтандыру ережелерін үйренеді.

«Мобилография» мамандығының маңызды компененттерінің бірі — ұялы телефонға бейне монтаждау. Оқушылар монтаждаудың рөлі мен маңыздылығы туралы біледі және бейнені монтаждау үшін мобильді қосымшалармен жұмыс істеуді үйренеді. Бейне материалдарды импорттау, жобаны ұйымдастыру, уақыт сызығымен жұмыс істеу, бейнеклиптерді қосу, ауысуларды, мәтіндік жазулар мен тақырыптарды, сондай-ақ фондық. музыканы қосу туралы ақпарат біледі. Аудио тіректердің дыбыс деңгейін реттеу негіздерін үйренеді және авторлық құқық ережелері ақпаратымен танысады.

Баяу және жылдам түсірілім, бейненің көрінісін ауыстыру үшін әртүрлі эффектілер мен сүзгілерді пайдалану, импорттау және фотосуреттер мен графика сияақты қосымша материалдармен жұмыс істеу кіреді. Сондай-ақ, белгілі бір атмосфераны құру үшін әртүрлі монтаждау стильдері туралы және бейнелерге кәсіби көрініс беру үшін бейне эффектілері мен шаблондарын пайдалануды үйретеді. Мамандық сонымен қатар дайын болған бейнені әлеуметтік желілермен платформаларда жариялау және тарату бойынша кеңестерді қамтиды. Оқушылар аталмыш мамандықтың қыр сырын үйренуге барын салуда. Сұранысы өте жоғары мамандықты игеріп, кәсіби дамуды көздеп жүргендер көп.