Навои оқуларының аудандық кезеңі өтті

Түркістан облысына қарасты Мақтаарал ауданының білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні Қажымұқан жалпы білім беретін мектебінің базасында аудандық Әлем әдебиетінің өкілі, халықтар достығын жырлаған ақын, жазушы, қоғам қайраткері Алишер Навои шығармашылығына терең үңілу арқылы өзбек тілінің көркемдік ерекшелігін, бай сөздік қорын насихаттау мақсатында «Навои оқулары» өтті.
Әлішер Науаи шығармашылығына арналған «Науаи оқуларының» Қажымұқан орта мектебінің базасында ұйымдастырылуы тегіннен емес. Әлішер Науаи – өзбек әдебиеті мен мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан көрнекті өзбек ақыны, жазушысы.
«Науаи оқуларының» мақсаты – Өзбекстанның ұлттық тілі саналатын өзбек тілінің көркемдік ерекшеліктері мен бай сөздік қорын насихаттау. Мұндай іс-шаралар ұлттық әдебиетті сақтауға және насихаттауға, сондай-ақ қатысушылардың тіл байлығы мен мәдени мұрасын дамытуға ықпал етеді.
«Науаи оқулары» аясында әлем әдебиетінің өкілі, халықтар достығын дәріптеген ақын, жазушы Әлішер Науаи шығармашылығы туралы дәріс, баяндама оқылып, шеберлік сабағы өткізілді. Оның жалпы өзбек әдебиеті мен мәдениетіне қосқан еңбегі айтылды. Шығармаларынан үзінділер оқылып, стилінің ерекшеліктері мен тақырыптары талқыланды.
Мұндай шаралар халықтардың әдеби мұрасы мен мәдени байлығын сақтау мен насихаттауда маңызды рөл атқарады. Олар әдебиетке деген қызығушылықты қалыптастыруға, тіл байлығын дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге және әртүрлі мәдени дәстүрлерді түсінуге ықпал етеді.
Байқауға 10-11 сынып оқушылары қатысты. Аудандық кезеңнен 11-сыныптар бойынша «Асыл мұра» жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Эшбаева Нурхает, 10-сыныптар бойынша Қажымұқан жалпы білім беретін мектебінің оқушысы Рахмонбердиева Дилноза облыстық кезеңге өтті.