Ордабасылықтар көш басында

0
89

 

 

Түркістан облысына қарасты Ордабасы ауданындағы Темірлан елді мекені, Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионының спорт залында «Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл» толуына орай салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында жастар арасында стритбол жарысы болып өтті. Жарысқа жалпы 9 құрама команда қатысты.  Темірлан ауылындағы Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионның спорт залында өткен жастар арасындағы стритболдан жарыс өте тартысты өтті. 9 команданың қатысуы жарыстың бәсін арттыра түсті.

 

Стритбол – жоғары дене дайындығын, ептілікті және шеберлікті талап ететін танымал спорт түрі. Жарысқа қатысушылар спорттық шеберліктерін көрсетіп, үздік нәтиже көрсетуге ұмтылды. Белсенді ойын және жігерлі қимылдары арқылы олар қызықты атмосфера құрып, көрермендердің қошеметіне бөленді.

 

Мұндай іс-шаралар қатысушылардың спорттық дағдылары мен дене белсенділігін дамытуға ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар командалық рухты, ынтымақтастықты және бәсекелестік рухын дамытады. Сондай-ақ стритбол жастарға ойынның әртүрлі тактикалары мен стратегияларын ойлап табу арқылы шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.

 

Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл толуына орай өткізілген стритболдан жарыстар айтулы мерейтойды тойлаудың тамаша тәсілі. Олар жастарға өздерінің белсенділіктерін және аудан өміріне араласуын көрсетуге мүмкіндік береді, сонымен қатар қатысушылар мен көрермендер арасында жағымды және достық атмосфераны қалыптастырады. Бұл стритбол жарыстары барлық қатысушыларға есте қаларлықтай әсер қалдырып, Темірлан ауылындағы жастардың спорттық қызығушылықтары мен жетістіктерін одан әрі дамытуға ынталандыру болды. Сонымен тартысты өткен ойында 1-орынды Қайнар1 командасы, 2-орын Темірлан1 командасы, 3-орын Қайнар2 командасы жеңіп алды. Жарыс жеңімпаздарымен жүлдегерлеріне спорт бөлімі есебінен диплом медальдар және спорттық бағалы сыйлықтармен ​ марапатталды. Бұдан кейін,

Темірлан ауылы Аудандық мәдениет үйінің 2-қабатында, «Ордабасы ауданының құрылғанына 60 жыл» толуына орай «Спорт-біздің серігіміз» атты ұранымен аудан тұрғындары арасында үстел тенисі жарысы өткізілді.

Жалпы жарысқта 50 — ден аса қатысушылар болды. Әр мекемеден және ауыл округтерден келіп өз бақтарын сынап жүлделі орындарға ие болды. Жарыс нәтижелері төмендегідей: Жекелей қатысқандардан: 1-орын Әбзиев Тоқтар (Аудандық орталық аурухана), 2-орын Қабылбеков Нұржан (Шұбарсу ауыл округі), 3-орын Әбдіхалық Қайыржан (Темірлан ауылы). Жұптық сайыста:

1-орын Әбзиев Тоқтар- Әбдіхалық Қайыржан, 2-орын Маканов Қасымхан- Көбеев Олжас, 3-орын Қорғанбай Айбек-Әжібеков Ғани.

Орын алған жеңімпаздар мен жүлдегерлерге аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі есебінен дипьлом медальдармен және спорттық бағалы сыйлықтармен мараматталды.

Бұдан соң,  Ордабасы ауданы, Темірлан ауылы, Қажымұқан Мұңайтпасұлы атындағы орталық стадионның жабық қаңқалы кіші футбол алаңшасында, «Ордабасы ауданының құрылғанына ​ 60 жыл» толуына орай мекеме қызметкерлері арсында кіші футбол және арқан тарту жарысы өтті. Жалпы жарысқа ауданымыздың ардагер спортшыларымен, аудан жастары қатысты. ​ Спорт саласындағы жаттықтырушылардың ұйымдастырылумен өткізілген бұл жарысқа спорт бөлімі есебінен, жеңімпаз құрама командаға спорттық киімдермен, спорттық заттар сыйға тартылды. Осындай ойындар әр аптада ​ тұрақты өткізіліп тұратын болады.  Ордабасылық спортшылар жақсы нәтижелермен қуантып келеді. Жуырда “IGILIK VOLLEY” 2009-2010 жылғы туылған жасөспірімдер арасындағы воллейболдан облыстық дәстүрлі турнир өз мәресіне жетті. 15 ауданнан команда жарысқа қатысты. Топтарынан алға суырылып 4 команда финалдық кезеңге жолдама алды, нәтижесінде 3-орынға талас Түркістан қаласының командасы мен Отырар ауданының командасы арасында өтіп, тартысты ойында Түркістандық жастар жеңіске жетті.

Финалдық бәсекеде Ордабасы ауданының командасы мен Сайрам ауданының командасы ойнап, тартысты бәсекеде Сайрам ауданының құрамасы “IGILIK VOLLEY” турнирінің чемпиондары атанды.  Жеңімпаздар диплом мен медальдармен марапаталып,  1-орынға 40 000 теңге, 2-орынға 30 000 теңге , 3-орын алған команда 20 000 теңгенінің иегері атанды.