Шардаралық спортшылар шашасына шаң жұқтырмай тұр

0
72

 

 

 

 

Түркістан облысына қарасты Шардара ауданы спортшыларының атақ даңқы жер жарып тұр бүгінде. Армрестлингтен өтетін барлық додада құр қол қайтқан кездері жоқ. Бүгінде Әлем чемптонатында топ жарып жүр. Қол күресінен әлем чемпионатында Түркістан облысына қарасты Шардара ауданының спортшылары өз құрамаларының намысын қорғап жатқаны қандай тамаша жетістік. Олар өз өнерлерін көрсетіп, жоғары нәтижеге жетізуде. Барлық кездесулерде спортшылардың қанжығалары майланбай қайтқан кезі жоқ. Олардың табандылығы мен таланты оларға лайықты жеңістер мен туған өлкенің даңқын асырып отыр.  Жуырда Норвегия елінің Лофтхус қаласында өткен армрестлингтен Әлем кубогы өз мәресіне жеткен болатын. Әлемнің түкір-түкпірінен жиналған білекті спортшылар сайысында шардаралық Әділет Ибрагим 65 келі салмақта жеңімпаз атанса, Тұрғанбек Тұрарбек 70 келі салмақта, Басымбек Нұрболат 75 келі салмақта, Болат Ермахан 85 келі салмақта қарсыластарынан басым түсіп, ел қоржынын алтын медальдармен толықтырды.  Шардарлық Әділет Ибрагим, Тұрғанбек Тұрарбек, Басымбек Нұрболат және Болат Ермаханды қол күресінен әлем чемпионатындағы жеңістерімен құттықтап жатқандарда есеп жоқ. Олар өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанып, алтыннан алқа тағынды. Бұл тамаша жетістіктер және Қазақстанның әлемдік спорт сахнасындағы тамаша көрінісі.

Армрестлингтен Әлем кубогында аса ауыр +110 кг салмақта Медет Құттымұратов қарсылас шақ келтірмей, көк туымызды көкке көтерді. Медет Құттымұратовты қол күресінен әлем чемпионатында +110 келі салмақ дәрежесінде жеңіске жетуі жерлестері үшін үлкен мақтаныш болып отыр. Қарсылас шақ келтірмей  көк туымызды көкке желбіретуінің өзі еліміз үшін үлкен абырой әрине. Медет өзінің күш-қуатын, техникасын, шеберлігін көрсетті, бұл оның осындай сенімді жеңіске жетуіне мүмкіндік берді. Спорттағы тамаша жетістіктері алдағы уақытта бұдан да жоғары белестерді бағындыруға септігін тигізері сөзсіз.