Жас өрендер шаршы алаңның шаңын шығарды

Түркістан облысы, Сарыағаш қаласында дзюдо күресінен 2011-2012, 2013-2014, 2015-2016 жылы туылған Жасөспірімдер арасында Сарыағаш аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі өтті. Дәстүрлі сайысқа облысымыздың барлық аудандарынан сонымен қатар көршілес Өзбекстан елінен барлығы 650 ден астам жас татами шеберлері келді. Бұл жас спортшылар үшін айтулы оқиға болғаны рас. Мұндай жарыстар жас спортшылардың дзюдодан өз шеберліктері мен дарынын көрсетуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ жасөспірімдердің спорттық рухын дамытуға, денсаулығын нығайтуға, тәртіпке тәрбиелеуге өз үлесін қосуда. Мұндай іс-шаралар да спорт мәдениетін дамытуға, түрлі өңірлер арасындағы достық байланысты нығайтуға септігін тигізеді. Көршілес Өзбекстан спортшыларының қатысуы елдер арасындағы спорттық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңыздылығын көрсетеді. Мұндай жарыстар спортшыларға басқа аймақтар мен елдердің өкілдерімен кездесіп, бәсекелесуге мүмкіндік береді, бұл олардың шеберлігі мен тәжірибесін арттыруға көмектесері сөзсіз. Сарыағаш аудандық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің дзюдо күресінен ашық біріншілігі өңірдегі спорттың дамуына маңызды оқиға болып, жастар арасында спорттың бұл түріне назар аударуға септігін тигізді.
Өте тартысты да қызықты өткен сайысқа білікті басшы, еркін күрестен спорт шебері Әлібек Катаев басқарып отырған Түркістан облысы, Төлеби аудандық №3 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері де қатысып, жақсы жетістіктерге қол жеткізді. Түркістан облысы Төлеби аудандық №3 спорт мектебінің тәрбиеленушілері еркін күрестен білікті бапкер, спорт шебері Әлібек Катаевтың жетекшілігімен тартысты жарыстарға қатысып, жақсы нәтижелерге қол жеткізіп келеді.
Мұндай жарыстарға қатысу спортшылардың дамуындағы маңызды кезең болып табылады, өйткені олар өздерін басқа дарынды спортшылармен салыстырып, өз шеберліктерін көрсете алады. Бәсекелестік жарыс спортшыларды жақсы нәтижелерге ұмтылуға, олардың спорттық дағдыларын дамытуға және физикалық дайындығын арттыруға ынталандырады.
Төлеби аудандық №3 спорт мектебінің оқушыларының қол жеткізген нәтижелері олардың дайындығы мен еңбекқорлығының жоғары деңгейін көрсетеді. Бұл спортшылардың өздерінің де, олардың оқу-жаттығуына жетекшілік ететін бапкері Әлібек Катаевтың да сіңірген еңбегі. Білікті жаттықтырушының спортшылардың шеберлігін шыңдау, дене шынықтыру және ынтасын арттыруда алатын орны зор.
Жарыс барысында қол жеткізген нәтижелер Төлеби атындағы №3 аудандық спорт мектебінің шәкірттері, олардың жаттықтырушысы және өңірдегі спорттың дамуына қолдау көрсетіп жүрген әрбір жанның мақтанышы болуы керек. Бұл олардың қажырлы еңбегінің, спортқа берілгендігінің және жоғары нәтижелерге жетуге деген құлшынысының айғағы. Кіл мықтылар бас қосқан додада айқын басымдықпен жеңіске жеткендер көп болды. Атап айтқанда: 2013-2014 жылы туылғандар арасында Мұрат Марлен 26 кг – І орын, Бекбатыр Алинұр 29 – І орын, Құдайберген Рамазан 32 кг – І орын, Жаңабай Заңғар 32 кг — ІІ орын, Еген Алинұр 29 кг – ІІІ орын, Айтбайали Алихан 32 кг – ІІІ орын, Махат Нұрзат 38 кг — ІІІ орын
2011-2012 жылы туылған жасөспірімдер арасында: Үндір Гамзат +55 кг — І орын, Нұралы Ақберен 29 кг – ІІІ орын, Әріпбек Алихан 32 кг – ІІІ.
Ташкенбай Айсұлтан 35 кг – ІІІ орынға ие болып, жүлделі қоржынымызға 4 – алтын, 1 – күміс, 6 – қола медаль және арнайы Дипломдармен марапатталды. Жаттықтырушылары халықаралық дәрежедегі спорт шебері Мәди Нәбиевті, Мақсат Абуді және шәкірттерді халықаралық деңгейге көтерілген додалы жарыста жеткен үздік жетістіктерімен құттықтағандардың қатары көп болды. Алдағы болатын еліміздің чемпионатына жақсы дайындықпен барып, биік тұғырдан көрінеді деген сенім мол.