Отырарлық оғландар озып тұр

Түркістан облысына қарасты Отырар ауданында бүгінде бұқаралық спортты дамыту, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда. Аудан орталығынан шалғай шетте жатқан ауылдарда тегін үйірмелер ашылып, балалар қалаған спорт түрімен айналыса алады. Бұл өз кезегінде жастардың жаман әдеттерден аулақ болуына септігін тигізеді дейді мамандар. Одан бөлек, ересектердің бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында да түрлі спорттық шаралар ұйымдастырылуда. Отырар ауданына қарасты Талапты ауыл округінің жасөспірімдері арасында спорттың Шахмат түрінен іріктеу турнирі өтті. Аталмыш шара «Есірткіге жол жоқ» атты ұраны аясында ұйымдастырылды. Турнир аудан аумағындағы Көкмардан жалпы орта мектебінде өтті. Ақыл ой еңбегін қажет ететін ойынға қатысушылардың қарасы көп болды. Іс-шараның «Есірткіге жол жоқ» ұранымен ұйымдастырылуы нашақорлыққа қарсы күрестің және жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығын көрсетеді.
Турнирдің аудандағы Көкмардан орта мектебінде өтуі оқушыларға ой еңбегін қажет ететін ойында өз өнерлерін көрсетуге мүмкіндік береді. Шахмат – логикалық ойлауды, стратегиялық жоспарлауды және шоғырлануды дамытатын интеллектуалды ойын. Мұндай іс-шараларға қатысу жасөспірімдердің маңызды дағдыларын дамытуға көмектеседі және олардың бос уақытын тиімді өткізуге көмектеседі. Мұндай турнирлер қатысушылар арасында командалық рух пен спорттық бәсекенің қалыптасуына да ықпал етеді. Олар шахматқа ортақ қызығушылықпен тәжірибе алмаса алады, бір-бірінен үйренеді және жаңа достар таба алады. Бұл жасөспірімдердің дамып, өсуіне қолайлы жағдай жасау үшін маңызды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыруға, нашақорлықтың алдын алуға бағытталған мұндай бастамалардың дені сау, саналы ұрпақ тәрбиелеуде маңызы зор. Олар жастарға есірткінің зиянын түсінуге және денсаулыққа, дамуға және мақсаттарына жетуге жол таңдауға көмектеседі. Өте тартысты өткен шарада жеңімпаздар анықталды. 1 орын Сағатқұл Азиз, 2 орын Сәрсенбек Нұрбақ,3 орын Жаханұлы Ерсұлтан. Жеңімпаздар медаль, дипломдармен марапатталды. Отырарлық өрендердің жеңістері жерлестерін қуантып отыр. Жуырда ғана республикалық жарыстан тағы да сүйінші жаңалық жетті. Талдықорған қаласындар қазақ күресінен өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатында Түркістан облысының намысын қорғаған Отырар ауданының оқушысы Айдарбекұлы Нұрдәулет кіші жасөспірімдер арасында 42 келі салмақта Қазақстан Республикасының чемпион атанып, әлем чемпионатына жолдама алды. Жаттықтырушысы Уайсов Мүсілім. Отырар ауданының оқушысы Айдарбекұлы Нұрдәулетті қазақ күресінен 42 келі салмақта жеңіске жеткеніне жерлестері қуанулы. Бұл үлкен жетістік, оның Түркістан облысының намысын қорғап, ел чемпионы атануы расында биік мәртебе. Әлем чемпионатына жолдама алу Айдарбекұлы үшін халықаралық аренада өзінің спорттық шеберлігін көрсетудің тамаша мүмкіндігі. Осындай ауқымды жарысқа қатысу оған әлемнің үздік спортшыларымен кездесіп, шеберлігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Айдарбекұлының бұл жетістігі – оның қажырлы еңбегінің, спортқа берілгендігінің, шеберлігін үнемі шыңдаудың жемісі. Бұл шарада Қазақстанның мерейін асыру үшін оның алдағы уақытта да аянбай дайындалып, әлем чемпионатына биік жетістіктерге жететіні айқын. Айдарбекұлы әлем чемпионатында сәттілік серік болады деген сенім басым. Оның жігері мен таланты бұдан да көп жеңістер мен туған өлкесі мен елі үшін мақтаныш ете берері сөзсіз. Бұдан бөлек тағы да отырарлық бір оғлан жүлделі орыннан көрінді. Талдықорған қаласындар қазақ күресінен өтіп жатқан Қазақстан Республикасының чемпионатында Түркістан облысының намысын қорғаған Тұрысбек Бексұлтан 46 кл салмақта Қазақстан Республикасының чемпионатының күміс жүлдегері атанып, Азия чемпионатына жолдама алды. Жаттықтырушысы Садықов Айбек.
Аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімі директорының уақытша міндетін атқарушы Қуандықов Нұрдәулет бастап, Отырар ауданының № 1 ші спорт мектебінің директоры Ташов Ермек бастаған жаттықтырушылары және Отырар спорт клубының директоры Сарсенбаев Жұмабай бастаған жаттықтырушылар мен нұсқаушылары және ата аналары жеңімпаздарды күтіп алды. Бұдан кейін, Отырар спорт клубының ұйымдастыруымен 50 жастан асқан ауыл тұрғындары арасында спорттың үстел теннисінен жарыс өтті. Жарыс өте қызықты, жан-жақты және әр жастағы адамдар үшін қолжетерлік ойын екені белгілі. Қимыл-қозғалыстың тездігі, шабуылдың шапшаңдығы және техникалық қиыстырулардың кенеттілігімен өзіне қатты қызықтыратыны анық. Дағдылар мен қимыл-қозғалыстың әртүрлілігімен, түрлі физикалық қозғалыстың үйлесуіне және сапалы дамуына септігін тигізеді. Ойын кезінде ойыншы жалынды жігермен бірге дене қозғалысына қосымша күш береді.
Аталмыш ойын адамның бойына жылдамдық, шапшаңдық пен ептілік, қимылды дұрыс басқарушылық, зейінділігін арттыру, көзбен мөлшерлеу, тез шешім қабылдау, ойлау сияқты қабілеттіліктерін қалыптастырады. Жарыс қортындысы бойынша: Ерлер арасында I — орын Қ.Көзжан Темір ауыл округі
II — орын Б. Манат Отырар ауыл округі, III — орын А .Байгабулов Шәуілдір ауыл округі. Әйелдер арасында — I — орын Г.Барлыбаева Шәуілдір ауыл округі
II — орын Қ.Назарбекова Шілік ауыл округі, III — орын Ш.Омар Отырар ауыл округі. Спортшылары медаль, дипломдармен және сый-сияпаттармен марапатталды. Бұдан кейін, Отырар ауданының №1 БЖСМ – ның «Қол күрес» жаттықтырушысы Марат Пазылбековтың ұйымдастыруымен, аталған спорт бөлімінде жаттығатын Қ. Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің оқушылары арасында аудандық және облыстық жарыстарға сапалы дайындық мақсатында қол күрестен жарыс өткізілді. Жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырып, қол күресі спортының дамуына үлес қосу мақсатында өткізілген іс – шара Қ. Сәтбаев мектебінің спорт залында өткізілді. Қол күресі шеберлері алты салмақ дәрежесі бойынша білек күшi спортының озық үлгісін көрсетті. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге медальдар мен дипломдар табыс етiлдi.