Шетелдіктерді мойындатқан шымыр жігіттер

Біріккен Араб Әмірлігінің Фуджейра қаласында таеквондо (wt) спортынан ақпанның 4-8 күндері халықаралық рейтингілік G-2 турнирі өтті. Байрақты бәсекеде жасөспірімдер және балалар арасында еліміздің намысын қорғаған түркістандық өрендер ғаламат жетістікке жетті. Біріккен Араб Әмірліктерінің Фуджейра қаласында өткен G-2 халықаралық рейтингтік турнирінде Түркістан құрамасының үлкен жетістікке қол жеткізді. Осындай халықаралық жарыстарға қатысып, табысты өнер көрсету – өңірде спортты дамыту мен насихаттаудағы маңызды қадам болып табылады. Жасөспірімдер мен балалар арасында ел намысын қорғаған түркістандық спортшылар шеберлік пен табандылық пен дарындылықтарын паш етті. Бұл олардың жеке жетістігі ғана емес, өңірдегі жастар арасында спортты кеңінен насихаттауға және дамытуға зор үлес қосуда.
Мұндай деңгейдегі халықаралық жарыстар әр елден келген спортшыларға жарысып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Бұл дайындық деңгейін көтеруге және қатысушылардың спорттық дағдыларын дамытуға көмектеседі. Түркістан командасын G-2 халықаралық турниріндегі үлкен жетістіктеріне жерлестері қуанулы. Бұл табандылықтың, еңбекқорлықтың және спортқа берілгендіктің тамаша нәтижелерге әкелетінінің айқын мысалы. Спортшыларға алдағы уақытта да спорттық мансабында табыс пен шабыт алып жетістіктерге жете берері сөзсіз. ал Түркістан қаласы өңірдегі спортты дамытып, қолдау көрсетуде әрдайым көшбасында.
Болашағынан мол үміт күттіретін Ержігіт Кенжебай барлық қарсыласынан оза шығып, алтын медальді мойынында жарқыратты. Ал татамидегі жекпе-жекте ақтық сында есе жіберген Жаншуақ Нәлібай күміске қол созды. Айталық Түркістан облысының спортшылары еншісінде ересектер арасында 1 күміс, 1 қола жүлде болса, жастар арасында 3 қола бар. Жалпы 7 медаль иеленіп, облыс қоржынына салды. Ержігіт Кенжебайды жеңісімен және алтын медалімен құттықтап жатқандарда есеп жоқ. Оның тамаша спорттық жетістіктері мен болашаққа деген үміті Түркістан облысының, бүкіл еліміздің мақтанышы. Алтын медаль алу – оның талантының, табандылығы мен еңбегінің жемісі.
Ал Жаншуақ Нәлібайды күміс медалі үшін қуанып жатқандар баршылық. Финалға жетіп, екінші орын алу – жоғары шеберлік пен табандылықты қажет етеді. Бұл оның спорттық шеберлігі мен күреске берілгендігінің лайықты бағасы. Түркістан облысы өз спортшыларымен мақтануға толық негіз бар. Күміс, қола медальдарды иелену – облыстың абыройы мен мерейін асқақтатқан тамаша жетістік. Сондай-ақ Түркістан облысының жастары қола медальдарымен де қуантып жатыр, бұл олардың спорттық таланты мен күш-жігерін мойындау. Түркістан облысының спортшылары жеңіп алған жалпы 7 медаль олардың спорттық әлеуеті мен қажырлы еңбегінің айқын үлгісі. Облыс қоржынына медальдардың салынуы өңірдің мақтанышы мен қолдауының белгісі. Түркістан облысының барлық спортшыларын тамаша жетістіктері, спорттық мансабындағы табыстары қуантарлық жағдай. Бұл медальдар жаңа белестерді бағындыруға стимул болып, өзге де жастарды спортпен айналысуға жігерлендірері сөзсіз.