Мәдени кеш-өмірдерек өткізілді

0
108

 

 

 

Түркістан облысына қарасты Келес ауданындағы Қошқарата ауыл округіне қарасты Жамбыл ауылдық кітапханасы Түркістанның таңдаулы туындысы 2024 акциясы аясында ақын, аудармашы, журналист “Алаш” халықаралық әдеби сыйлығының лауреаты Нармахан Бегалыұлына арналған “Ордабасының жарық жұлдызы” атты мәдени кеш-өмірдерек өткізілді.

Түркістан өлкесінің және жалпы Қазақстанның мәдени мұрасын насихаттау және сақтау үшін мұндай кеш өткізудің мәні мен маңызы зор. Нармахан Бегалұлы – қазақ әдебиеті мен журналистикасына елеулі үлес қосқан көрнекті тұлға. Шығармашылығы мен аудармашы-журналист қызметі еліміздегі мәдениет пен әдебиеттің дамуына зор ықпал етті. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері – оның әдебиет саласына қосқан үлесін мойындау. «Ордабаның жарық жұлдызы» шарасы оқырмандарды Нармахан Бегалыұлының шығармашылығымен, оның шығармаларымен, идеяларымен таныстыруға мүмкіндік береді. Оқырмандардың ой-өрісін кеңейтіп, осы көрнекті ақын-журналисттің Қазақстан мәдениеті мен әдебиетіндегі маңызы мен ықпалын көрсетуге көмектеседі. Түркістан облысы Келес ауданы Қошқарата ауылдық округіне қарасты Жамбыл ауылдық кітапханасына «Ордабаның жарық жұлдызы» атты шараны өткізіп, Нармахан Бегалұлының шығармашылығын насихаттап жүргені үшін алғыс білдірушілер көп болды. Көрнекті ақын, жазушының мұрасын сақтап, болашақ ұрпаққа жеткізуге мұндай кещтердің септігі мол. Кітапханашы А.Жангибаева ақынның өмірі мен еңбегі туралы баяндама оқыды. Ақынға арналған “Жазушы өмірінен” атты көрме ұйымдастырылды. Көрмені кітапханашы А.Құралова таныстырып өтті. Іс шараны өткізудегі мақсат оқырмандарды ақынның шығармаларымен кеңінен таныстыру және олардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру. Мұндай іс-шаралардың жалпы ақындар шығармашылығына, әдебиетке кеңінен таныту, назарын аудару үшін маңызы зор. Оқырмандарды ақын шығармашылығымен таныстыру, олардың поэзияға деген қызығушылығын арттыру шараның мақсаты маңызды әрі өзекті. Поэзияның сезімді оятып, ой мен жырды жеткізу, оқырманның ой-өрісін ояту, кеңейту қасиеті бар. «Жазушы өмірінен» атты көрме оқырмандарға түрлі материалдар, фотосуреттер, дәйексөздер және басқа да жәдігерлер арқылы ақынның өмірбаяны мен шығармашылығымен танысуға мүмкіндік береді. Бұл тәсіл поэзия әлеміне терең бойлап, ақынның поэтикалық мұрасын жақсырақ түсінуге көмектеседі. Көрмені ұйымдастыру оқырмандар үшін интерактивті және тартымды орта құруға да ықпал етеді. Олар жәдігерлерді еркін зерттей алады, сұрақтар қойып және басқа келушілермен ақынның шығармашылығын талқылай алады. Бұл әдеби қауымдастық пен оқу мен поэзияға деген қызығушылықты арттыратын диалог пен идеялар алмасуға көмектеседі. Көрмені ұйымдастырып, ақын шығармашылығын насихаттап жүрген кітапханашы А.Жәңгібаева мен А.Құралова алдағы уақытта да бұл шараның жалғасын табатынын айтты.