Жас боксшылар топ жарды

Түркістан қаласында орналасқан «Балуан Шолақ» спорт кешенінде ақпанның 4-9 күндері бокстан жасөспірімдер арасында облыс чемпионаты аяқталды. Шаршы алаңдағы бокс бәсекесіне 2010-2011 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдер қатысып, өзара қолғап түйістірді. 2010-2011 жылы туылған және одан кіші жасөспірімдердің бокс жарыстарына қатысуы облыс спортын дамытудағы маңызды оқиға. Мұндай жарыстар жас спортшыларға өздерінің бокстағы шеберліктері мен таланттарын көрсетуге, сондай-ақ құнды жарыс тәжірибесін алуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бокс жарыстарына қатысу жасөспірімдердің физикалық және психологиялық дағдыларын дамытуға көмектеседі, олардың тәртіп пен өзін-өзі ұстауды нығайтуға көмектеседі, командалық рух пен бәсекеге қабілеттілікті қалыптастырады. Бір айта кетерлігі, жасөспірімдердің қолғап түйістіруі достықты, спорттық ынтымақтастықты, бір-біріне деген құрметті білдіреді. Ол сондай-ақ адал ойын, өзара көмек және ынтымақтастық сияқты спорттық құндылықтардың маңыздылығын көрсетеді.
Бокстан облыс чемпионатының барлық қатысушылары үлкен дайындықпен келген кіл мықтылар. Жас өскіндердің жарыстарға қатысуы спорттық дағдыларды дамыту және салауатты өмір салтын қалыптастырудағы маңызды қадам болып табылады.
Апта бойы тартысты өткен кіші жасөспірімдер арасындағы боксшылар біріншілігіне өңірімізден Түлкібас, Мақтарал, Бәйдібек, Жетісай, Отырар, Төлеби, Қазғұрт, Ордабасы, Сайрам, Сарыағаш, Шардара, Келес аудандарымен қатар Түркістан, Кентау, Арыс қалаларынан келген 315 былғары қолғап шебері 15 салмақ дәрежесінде жеңімпаздар мен жүлдегерлерді анықтады. Облыстық чемпионатқа жасөспірім былғары қолғап шеберлері жан-жақты дайындалып келген. Осындай тартысты жекпе-жектер жайында даңқты боксшы , әлем чемпионы «Түркістан кәсіпқой бокс клубының» директоры Қайрат Ералиев айтып, алдағы мақсатына тоқталды.
Түркістан облысының әр қалалары мен аудандарынан 315 былғары қолғап шеберінің қатысуы боксқа деген қызығушылықтың жоғары екенін және жастардың жарыстарға белсенді дайындалғанын көрсетеді. Жастар былғары қолғап шеберлерінің облыс біріншілігіне тыңғылықты дайындалғаны тамаша нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Атақты боксшы, әлем чемпионы, Түркістан қаласының кәсіпқой бокс клубының директоры Қайрат Ералиевтің маңызды рөлін атап өткім келеді. Оның бокстағы тәжірибесі мен білімі, тартысты жекпе-жектер туралы әңгімелері жас спортшыларды жаңа белестерге жетуге шабыттандырып, жігерлендіретіні сөзсіз.
Бокс – ең танымал және беделді спорт түрлерінің бірі, ал жас боксшылардың облыс біріншілігіндегі жетістіктері олардың спорттық мансабындағы маңызды қадам. Барлық қатысушылар табандылық танытқан жағдайда, бокс шеберліктерін дамытса жеңіс тұғырынан көрінері сөзсіз. Қайрат Ералиевтың «Түркістан» кәсіпқой бокс клубындағы тәжірибесі мен жетекшілігінің өңірдегі боксты дамытуда маңызы зор және жас спортшыларды жоғары нәтижелерге жетуге баулиды. Жасөспірім ұлдар арасындағы бокстан чемпионаттың барлық қатысушылары жарыстың сәтті өткенін айтып отыр.
Нәтижесінде 33 келіде бақ сынаған «Түркістан кәсіпқой бокс клубының» шәкірті Али Абдикамал жеңімпаз атанса, облыстық №5 олимпиадалық спорт мектебінің үміттері 35 келіде Аян Жандосұлы мен 37 келіде Аңсар Үсенхан, 40 келіде Жұмағали Нұрмахандар алтыннан алқа тақты. Ал 43 келіде Сарыағаш ауданының тумасы Рүстем Сапархан жеңімпаз деп танылды. Сонымен қатар, Жетісай ауданының түлектері 46 келіде Жалғас Аппаз бен 49 келіде Фирдауси Алмабек, 55 келіде Руслан Қалданбайлар жеңіс тұғырының биігінен көрінді. Шаршы алаңда жасындай жарқылдаған 52 келідегі Сарыағаш ауданының өрені Жандарбек Жорабайға тең келер қарсылас болмады. Ал 58 келіде Арыс қаласының өкілі Ақылжан Серікбай барлық қарсыласын тізе бүктірсе, 61 келіде «Түркістан кәсіпқой бокс клубының» ізбасарлары Бағлан Базарбек пен 64 келіде Исламхан Қаналбек, 67 келіде Сайрамдық Ерасыл Қамбарбек, облыстық №5 олимпиадалық спорт мектебінің былғары қолғап шеберлері 70 келіде Ескендір Молдаш пен +70 келіде Жәдігер Мүсірәлілер өз салмақтарында мықтылықтарын дәлелдеді. Енді үздіктер аймақтық Қазақстан чемпионатына қатысады.
Бокстан жасөспірімдер арасында өткен облыс чемпионатын облыстық спорт басқармасы мен «Түркістан кәсіпқой бокс клубы» жоғары деңгейде өткізді. Аталған бокс бәсекесінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Түркістан облысының бокс федерациясының президенті, облыстық мәслихатының депутаты Сұлтан Көшенов марапаттады. Үздіктерге арнайы тағайындалған белбеулер, медальдар және ағыс хаттар тапсырылды.
Облыстық спорт басқармасы мен «Түркістан кәсіпқой бокс клубының» бірлескен күшімен жасөспірімдер арасындағы бокстан облыс біріншілігінің жоғары деңгейде өткені тамаша. Мұндай ынтымақтастық өңірде бокстың дамуына және танымал болуына ықпал етеді.
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттаудағы Түркістан облысы бокс федерациясының президенті мен облыстық мәслихат депутаты Сұлтан Көшеновтың рөлін ерекше атап өткен жөн. Олардың қолдауы мен шараға қатысуы оған ерекше мән беріп, жас спортшыларды алдағы жетістіктерге ынталандырады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы белбеулерді, медальдар мен сертификаттарды табыстау олардың күш-жігері, таланты мен боксқа деген адалдығы үшін лайықты баға және марапат болып табылады. Бұл марапаттар сонымен қатар жас спортшылардың спорттық мансабында жаңа биіктерге жетуі үшін шабыт пен мотивация бола алады. Жасөспірімдер арасындағы бокстан облыстық чемпионаттың барлық жеңімпаздары мен жүлдегерлер алдағы жарыстарда да биіктен көрінері сөзсіз. Жас спортшылардың жеткен жетістіктері Түркістан облысында бокс пен жалпы спортты дамытуға қосқан маңызды үлес болып табылады.