Ала допты шаршы алаңда шырқ иірген

0
93

 

Түркістан облысы дене шынықтыру​ және​ спорт​ басқармасының​ «Түркістан​ қалалық​ №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі. Балуан Шолақ спорт кешенінде баскетболдан​ 2011-2012 жылы туылған қыздар арасында Түркістан облысының чемпионаты өтті. Жарысқа Түркістан облысынан Сайрам ауданы, Отырар ауданы, Түлкібас ауданы, Келес ауданы, Сарыағаш ауданы, Кентау қаласы, және Түркістан қаласынан жалпы 12 команда келіп қатысты.

Мұндай жарыстарға қатысу жастардың спорттық дағдыларын, ұжымшылдық пен салауатты өмір салтын қалыптастыруға көмектеседі. Түркістан облысының әр аудан-қалаларынан 12 команданың қатысуы спортшы қыз-жігіттердің облыс деңгейінде өнерлерін көрсетіп, бақ сынауына мүмкіндік туғызуда. Мұндай іс-шаралар облыста баскетбол мен спорттық қозғалысты дамытуға, сондай-ақ командалар арасындағы спорттық мәдениет пен достықты нығайтуға ықпал етеді. Сондай-ақ осы чемпионаттың өтуіне себепкер болған Түркістан облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, ұйымдастырушылар мен жаттықтырушылар алдағы уақытта да осы бағыттағы жарыстарды көптеп өткізетін болады.  Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған үстел теннисінен Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы, спорт ардагері, Түркістан қаласының, Отырар ауданының Құрметті орден иегері Жүсіпбаев Үмбет Әбілдәұлы сөз сөйлеп жарысты ашып берді. Сондай ақ Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының жоғары спорт бөлімінің бас маманы Есалиев Ахан Асанұлы және Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры ​ Сарсенбаев Ануар Амантайұлы спортшыларға сәттілік тілеп, келген қонақтарға өз ризашылықтарын білдірді. Баскетболдан ойын өте тартысты өтті. Кіл мықтылардың дайындығы да жоғары деңгейде. Ақыры тартысты өткен жарыста жеңімпаз командалар белгілі болды. Баскетбол матчы өте тартысты және негізгі ойыншылардың дайындығы жоғары деңгейде болғаны тамаша. Бәсекелестік жарыстар әрқашан толқу мен шиеленіс әкеледі және мен әр команда табысқа жету үшін барын салғаны анық. Баскетбол – командалық спорт және әр ойыншы команданың табысты болуына өз үлесін қосады. Әр ойыншының орны бөлек және ойынға деген құштарлықсыз бұл жарыстар мүмкін емес еді. Ұйымдастырушылар мен жаттықтырушыларға жарысты дайындау мен өткізудегі ынта ықыластары орасан болды. Ойыншыларға қолдау көрсету олардың табысқа жетуінде маңызды рөл атқарады. Өңірдегі баскетбол мен спорт мәдениетінің дамуына серпін беріп келеді, бұл мойындау мен алғысқа лайық. Жарыстың қортындысы бойынша   Қыздар арасында 2011-2012 ж.т

​ ​ ​ ​Сайрам 1-орын

​ ​ ​ ​Отырар 2-орын

​ ​ ​ ​Түркістан БЖСМ №4 3-орын

​ ​ ​ ​ ​ ​Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін Түркістан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Түркістан қалалық №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Сарсенбаев Ануар Амантайұлы құттықтады.