Ауа райына байланысты 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді

0
132

10 наурыз сағат 08.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 3 облыста республикалық маңызы бар 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысында жалпы ұзындығы 118 км 1 автожол.

(Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Қызылорда-Павлодар» — Ұлытау обл.шек-Топар к.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Қостанай облысында жалпы ұзындығы 83 км 1 автожол.

(Ұлытау облысында ауа райының нашарлауына байланысты)

1. «Жезқазған-Петропавл» — Ұлытау обл.шек-Арқалық қ.
(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Ұлытау облысында жалпы ұзындығы 543 км болатын 2 автожол.

(нөлден төмен температурадағы жаңбыр, көктайғақ)

1. «Жезқазған-Петропавл» — Жезді а-Қостанай обл.шек.

2. «Қызылорда — Павлодар» -Жезқазған қ.-Қарағанды обл.шек.

(автокөліктің барлық түрлері үшін)

Республикалық маңызы бар автожолдардың бүкіл желісі бойынша шектеу 744 км-ге немесе бүкіл желінің 2,98% — на қолданылады.

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 265 бірлік техника және 285 адам жұмылдырылды.