ТАҒЫ ҮШ АЛАҢША САЛЫНУДА

0
77

Мемлекетіміз ана мен баланы қорғау, балалардың болашағын жарқын ету бағытындағы
тапсырмаларына сәйкес Түркістан облысында жоспарлы жұмыстар жүзеге асырылып
келеді. Сондай жұмыстардың бірі Кентау қаласында іске асырылды. Жазғы каникулда
ауыл балалары жаңа алаңшада асыр салып ойнауда.
Қарнақ ауылында бұл жаңа ойын алаңшасы ауылдың белсенді кәсіпкерлері мен ауыл
тұрғындарының демеушілігімен пайдалануға берілген болатын. Қала әкімі Жандос
белсенді ауыл тұрғындарын ауылдың дамуына қосқан үлестеріне ризашылық білдіріп,
алғыс хатпен марапаттады. Ауыл ақсақалдары ақ баталарын беріп, жанашыр ауыл
тұрғындарына ризашылықтарын жеткізді.
– Ауылдың белсенді тұрғындары мұнымен тоқтап қалмаймыз. Әлі де жыл соңына дейін
ауылдағы аулаларға бірнеше ойын алаңшаны салып беру жоспарланған. Осындай игі істер
өзге ауылдарға да үлгі болып, ауылдың әлеуетін дамытуға атсалысса екен деймін, – дейді
қалалық маслихат депутаты Бекзат Хабибов.
Тарихы терең Қарнақ ауылында пайдалануға берілген алаңшасы барлық стандарттарға
сай, 0,5 га аймақты алады. Онда жарықшамдар орнатылып, айналасы абаттандырырған.
Бір мезгіл баласымен барған ата-аналарға тыныстап демалуға арналған жайлы
орындықтар қойылған. Мұндай ойын алаңшасы осымен үшінші рет ауыл балаларына
табысталуда. Ауылдың белсенді тұрғындары жыл соңына дейін әлі үш алаңшаның ашылуына куә болмақ.