САПАЛЫ АУЫЗСУ ЖЕТКІЗУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР АТҚАРЫЛУДА

0
59

«Қуатты өңірлер – Ел дамуының драйвері» ұлттық жобасын жүзеге асыруда аймақтың инфрақұрылымдарын жақсартудың да маңызы үлкен. Оның ішінде тұрғындарды ауызсумен қамтамасыз ету бойынша жоспарлы жұмыстарды жүзеге асыру бағытында Түркістан облысының аудандарында да жұмыстар жасалуда.
Мәселен, Төлеби ауданы аумағындағы 55 елді мекеннің 54 елді мекені орталықтандырылған су құбырына қосылған. Жаңакүш елді мекенінде су құбыры жүргізілуде. Кәсіпорын ауыз сумен қамтып отырған абонент саны 21638. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы номер 446 бұйрығымен Төлеби ауданының орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған 51 елді мекеннің ауыз су тарифі субсидияланады. Түркістан облысы мәслихатының 11 сәуір 2024 жылғы шешіміне сәйкес, ауыз су тарифі 1 клубқа 70 теңге болып бекітілді. Мекеме өз тарапынан ауыз су жүйелеріндегі ақауларды жөндеп, авариялық қызметті толық атқарады. Ауыз суды сапалы жеткізу, оның тапшылығын жою бағытында жұмыстар атқаруда.
Төлеби ауданының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етудің барысында орын алып отырған кемшіліктерге қолданылған шаралар мен жұмыстарды жақсарту, халықты ауыз сумен сапалы әрі тұрақты қамтамасыз ету бағытында атқарылған жұмыстар бойынша «Ленгір су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры Арнұр Ермекбай баяндауынша аудан аумағындағы 55 елді мекеннің 54 елді мекені орталықтандырылған су құбырына қосылған. Жаңакүш елді мекенінде су құбыры жүргізілуде. Кәсіпорын ауыз сумен қамтып отырған абонент саны 21638. ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің 2017 жылғы 7 қарашадағы номер 446 бұйрығымен Төлеби ауданының орталықтандырылған ауыз су жүйесімен қамтылған 51 елді мекеннің ауыз су тарифі субсидияланады. Түркістан облысы мәслихатының 11 сәуір 2024 жылғы шешіміне сәйкес, ауыз су тарифі 1 клубқа 70 теңге болып бекітілді. Мекеме өз тарапынан ауыз су жүйелеріндегі ақауларды жөндеп, авариялық қызметті толық атқарады. Ауыз суды сапалы жеткізу, оның тапшылығын жою бағытында жұмыстар атқаруда.