РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РОБОТОТЕХНИКА ЧЕМПИОНАТЫНДА ЖЕҢІМПАЗ БОЛДЫ

Мемлекет басшысының «Қазақстанның болашағы жастардың қолында, сондықтан да жас ұрпақты заманауи талаптарға сай жан-жақты, отансүйгіш, білімдар, тәрбиелі етіп өсіру басты міндет» деп айтқанындай жастар саясатына Түркістан облысында да әрдайым жеткілікті көңіл бөлініп келеді. Таяудағы жастардың халықаралық атаулы күні де облыс аумағында көптеген іс-шаралар өткізілді.
Қазығұрт ауданында “Жастар ресурстық орталығы” КММ-нің ұйымдастыруымен 12 тамыз — Халықаралық жастар күніне орай мәдениет сарайында «Жастар жарқын болашақ» атты мерекелік іс шара өтті.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Серік Алтынбекұлы қатысып, аудан жастарын мерекемен құттықтап, болашаққа зор үмітпен қарауға, алға ұмтылып, елімізді көркейтуге шақырып, бірқатар белсенді жастарды аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.
Сонымен қатар «AMANAT» партиясы Қазығұрт аудандық филиалының төрағасы, аудандық мәслихат депутаты Есімхан Ешенқұлұлы сөз сөйлеп, жастарға тілектерін айтып, ауданымыздың бірқатар белсенді жастарын мәслихат төрағасы Т. Қалымбетовтың алғыс хатымен марапаттады.
Жастар күніне орай ұйымдастырылған іс-шара ары қарай концерттік бағдарламаға ұласып, аудан өнерпаздары ән мен биден шашу шашты.
Жастар күнінің қарсаңында Алматы қаласында өткен республикалық «Almaty Tech Cup X» робототехника және инновациялық технологиялар бойынша X дүбірлі ашық чемпионатында Қазығұрт ауданы Qazygurt және Rob командалары робот тапсырмалары мен инновациялық жобалар бойынша сынға түсті!
Чемпионатқа Қазығұрт ауданының білім бөліміне қарасты білім мекемелерінен 4 мұғалім, 12 оқушы қатысып, командалық есепте І орынды иеленіп жастар мейрамын табыспен қарсы алды.
Qazygurt командасының мүшелері:
1. Камал Асылжан (Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі)
2. Сайлау Нұрасыл (Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназия)
3. Нұралы Даянхан (Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназия)
4. Нұрғалиева Сая (А.С.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектеп)
Жетекшілері: Омирбаев Максат , Устенов Нұрсұлтан
Rob командасының мүшелері:
1. Хамзе Абдулла (К.Қарсыбаев атындағы жекеменшік мектебі)
2. Абдрашитов Азизбек (Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназия)
3. Давронбек Гулмира (Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі)
4. Әбдуәлі Ақниет (Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі)
5. Айту Жайна (А.С.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектеп)
6. Асқар Айнара (Қ.Сәтпаев атындағы мектеп-лицейі)
Жетекшілері: Оразхан Бексұлтан, Тастанов Ербол
Almaty Tech Cup X FIRST жарысында қазғұрттықтар жеткен жетістіктер:
1. Champions award finalist (Qazygurt)
2. Innovation Awards finalist (Rob)
3. Robot performance award finalist (Qazygurt)
Чемпионаттың негізгі мақсаты – білім беру ұйымдары мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушыларын біріктіру,сондай-ақ жастардың робототехникасы мен инженерлік дағдыларын дамытуға ықпал ету болып табылады.
Чемпионат келесі бағыттар бойынша өткізілді.
— FIRST LEGO League Explore (6-10жас)
— FIRST LEGO League Explore (10-16 жас)
— WSO (12-18 жас)
— Drone Racing: Multi GP( жас шектеу жоқ)
— Minecraft Education(6-16 жас)
— Хакатон ( 12-18 жас)
Алдағы уақытта да талай додаларда жарқырап, алдыңғы орындардан көрінетініне сенеміз.
Чемпион атанған оқушылар Қырғызстан елінде өтетін чемпионатына жолдама алды.