АУДАН ӘКІМІ ЖҰМЫСТЫ ЖАНДАНДЫРУДЫ ТАПСЫРДЫ

0
65

Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының аумағында салынып жатқан автотұрақ үшін арналған жер учаскесі және спорт нысанының құрылыс барысын аралап, мән-жайымен танысты.
Қазіргі таңда, Сарыағаш қаласына қарасты Қасымбеков көшесі бойында №3, №4 көп қабатты тұрғын үйлер орналасқан аумақта балалар ойын алаңшасын орнату жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, Мөлтек шағын ауданындағы автотұраққа арналған құрылыс алаңы «Сарыағаш-Тұрмыс» КММ-нің жылу қазандығымен шектесуіне байланысты бүгінгі таңда автотұрақтың құрылыс алаңы орындары нақтыланды.
Аталған құрылыс жұмыстары бойынша мердігер мекеме өкіліне темір қоршауларын құрылыс стандарттарына сәйкес сапалы атқару қажет екенін ескертіп, мерзімінде аяқтауды тапсырды.
Аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласында жүргізіліп жатқан кәріздік тазарту қондырғысының құрылыс жұмыстарына арнайы барып, жай-күйімен танысты.
Құрылыс барысымен танысқан аудан әкімі тиісті бөлім басшысы мен мердігер мекеме өкіліне құрылысты жүйелі түрде жүргізіп, сапалы аяқтауды тапсырды.
— Құрылыс жұмыстарына үлкен жауапкершілікпен қарай отырып,мерзімінде аяқтау қажет. Себебі, алдағы уақытта қаланың дамуын ескеретін болсақ, көп қабатты тұрғын үйлердің кәріз жүйесіндегі мәселелерді шешуде нысанның орны маңызды, — деді аудан басшысы.
Сонымен қатар, Сарыағаш қаласындағы кәріздік тазарту қондырғысы тәулігіне 3400 текше метр су тазартуға қауқарлы. Кәріздік тазарту қондырғысын салу қаланың санитарлық-эпидемиологиялық ахуалын жақсартады.
Айта кетсек, жобалаушы мекеме «IMPYLS» ЖШС тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптаманың оң қорытындысы алынған. Қазіргі таңда, бюджеттен құрылыс монтаж жұмыстарына қаржы қаралып, мердігер мекеме «Сарыағаш Аман» ЖШС тарапынан құрылыс жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы басталған құрылыс нысанын ағымдағы жылдың соңында аяқтау жоспарлануда.
Аудан басшысы Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес Сарыағаш қаласы Б.Қасымбеков көшесі №3, №4 көп қабатты тұрғын үйлердің жылыту маусымына дайындығын және Бәйтерек көшесі бойында орналасқан 14 көп қабатты тұрғын үйлердің жылыту қазандығының дайындық жұмыстарымен танысты.
Бүгінгі таңда Әйтеке би көшесіндегі, айтап айтқанда 3,4 көпқабатты тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз ететін жылыту қазандықтарында суды айдау құрылғылары және газ жанарғыларына жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Одан бөлек, аудан басшысы Сарыағаш қаласы, Әйтеке би көшесінен өтетін көп қабатты тұрғын үйлерге жалғанатын жылу құбырларының ретке келтіру жұмыстарымен танысып, жауапты мекеме басшысына жылу құбырларын ретке келтіру жұмыстарының қарқынын артыруды тапсырды.
Сол сияқты аудан әкімі Арман Абдуллаев Сарыағаш қаласының аумағы бойынша салынып жатқан абаттандыру құрылыс нысандары мен жасыл екпелердің сұғару жүйесіне арнайы барып, қадағалады.
Сарыағаш қаласына кіре берісінде орналасқан саябақ үшін 4 га жер учаскесінде егілген жасыл екпелердің суғару жүйесін қадағалап, суғару жүйесін атқарып жүрген арнайы мамандарға суғару уақытының мөлшерін артыру қажеттігі және қала әкіміне көгалдандыру және тазалық жұмыстарын үнемі бақылауда ұстау бойынша бірнеше тапсырмалар берді.
— Қала аумағында жыл өткен сайын тұрғын үйлер саны көбейіп, құрылыс жұмыстары да қала тазалығына өз әсерін тигізіп отырғаны рас. Дегенмен біз қала тұрғындарының таза әрі әдемі табиғат аясында демалысын тиімді өткізулері үшін бар жағдайды жасауымыз қажет. Қала тазалығын сақтау — баршамыздың ортақ міндетіміз, — деді аудан басшысы.
Әкімдікке тұрғындардың тарапынан егістік жерлерді ағын сумен қамтамасыз ету бойынша өтініш түскен. Соған орай егістік жерлерге толық ағын су жеткізіп беру және төтенше жағдайлардың алдын алу мақсатында аудандық бюджет есебінен облыстық «Тұран-су» МКК арқылы 3 экскаватор сатып алынып, «Сарыағаш ауданы су шаруашылығы» МКК-і Қабланбек ауылдық округіндегі ұзындығы 0,8 шақырым құрайтын «Қожахан» каналын механикалық тазалау жұмыстарын жүргізуде. Аудан әкімі аталған каналдың басында арнайы болып, атқарылып жатқан жұмыстардың барысын тексерді. Жауапты тұлғаларға жұмыстар сапалы болу қажет екендігін ескертіп, суғару маусымында егістік жерлерге қажетті суды толық жеткізіп беруді міндеттеп, нақты тапсырмалар берді.