ОТЫРАРДА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ

Қазақстан Республикасының ата заңында көрсетілгеніне қарамастан адамдардың баспаналы болуында әлі проблемалар бар. Баспана кезегіне тұруға жеңілдік болғанымен көпбалалы отбасылары кезегін жылдар бойы күтуге мәжбүр. Үкімет тарапынан түрлі бағдарламалар қабылданып, онда көпбалалы отбысыларына жеңілдіктер қарастырылуда. Әйсе де, барлық азаматарды бірден баспанамен қамту мүмкін болмауда. Әсіресеғ баспана құрылысы аз жүргізілетін ауылды жерлерде үй кезегін ұзақ күтуге тура келеді. Осындайда көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына жомарт жандар көмек қолын саозып, баспаналы болуына жәрдемдесуде.
Сондай жаны жомарт азаматтар таяуда Отырар ауданыда көпбалалы отбасына баспана сыйлап, бір отбасын зор қуанышқа кенелтті.
Отырар ауданында жомарт жандар көпбалалы отбасыға 4 бөлмелі тұрғын үй сатып алып берді. Облыстық мәслихат депутаттарының демеушілігімен Шәуілдір ауылының тұрғыны жаңа баспанаға ие болып отыр. Тұрғын үйдің кілтін табыстау сәтіне облыстық мәслихат депутаттары А.Салимов, Е.Хандиллаев арнайы келіп, жаңа қоныс иесін қуанышымен құттықтады.
Аталған шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы да арнайы қатысып, қиын жағдайда қалған отбасыларға көрсеткен қолдаулары үшін мәслихат депутаттарына алғысын жеткізді.
Аудан басшысы өз сөзінде: «Ежелден дана халқымыз қайырымдылық жасауды, жақындарына көмектесуді азаматтық парыз деп санаған. Бүгінде елімізде еліне, жеріне деген ерекше сүйіспеншілікпен өз Отанына адал қызмет етіп, қайырымдылық шараларына да қолдау көрсетіп келе жатқан жандар аз емес. Міне, біз бүгін осындай азаматтардың қолдауымен баспанаға ие болып, бақытқа кенелген тағы бір отбасының қуанышына куә болып отырмыз. Осы сәтті пайдалана отырып сауапты іске атсалысқан жандарға алғысымды білдіремін», — деді.
Сондай-ақ, облыстық мәслихат депутаты Алмас Алтайұлы адам баласы үшін қолдағы барымен бөлісіп, өзгелердің қуанышына себепкер болу ең үлкен бақыт екенін айтса, аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов ауылдың, елдің ынтымағын арттырып, берекелі іске белсене кіріскен жандардың бүгінгі ісі кейінгі жастарға өшпес өнеге болары даусыз екенін жеткізді.
Шара барысында көпбалалы отбасыға тұрғын үйдің кілті табысталып, қуанышқа жиылған көпшілік шашу шашты.
Шәуілдір ауылының тұрғыны алты ұл-қыз тәрбиелеп отырған әке. Ұзақ жылдардан бері пәтер жалдап келген отбасы жаңа қонысқа қол жеткізіп, қайырымды жандардың арқасында қоныс тойын тойлап отыр. Қуанышын жасыра алмаған тұрғын үй иесі қайырымдылық жасап, қолдау көрсеткен жандарға шынайы ризашылығын білдірді.
Шарада ауыл биі Шайырбек Айжарықов елдің ынтымағы мен бірлігін арттыруға атсалысып жүрген жаны жомарт, жүрегі мейірімге толы қайырымды жандарға алғысын айтып, көпшілікке ақ батасын берді.
Әрине, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар, түрлі жеңілдіктер арқылы да жыл сайын мыңдаған көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылар баспаналы болуда. Дегенмен, үкімет барлық баспанаға мұқтаж отбасыларын аз жылда толық үймен қамтамасыз ете алмайтындықтан, ел ішіндегі бақуатты, іскерлігімен мол табыс тауып жүрген, кәсіпкерлігін дөңгелентіп бизнесі дамыған азаматардың арасынан туған жеріне, ондағы адамдарға деген құрмет пен жанашырлықтың арқасында жоғарыдағыдай жандардың қайырымдылық әрекеттері жүрегіңе жылу ұялатады. Мұндай берекелі де шапағаты мол шара басқа да қаржылы, мүмкіндігі мол азаматтарға үлгі-өнее болып, олар да жаны жабырқау жандардың, пәтер сағалап жүрген отбасыларының жанынжадыратып, еңсесін көтеруіне осындай игі істерімен себепкер болып жатса қандай керемет болар еді.