ЕЛ БОЛАШАҒЫ — ЖАСТАРМЕН ЖҰМЫС ЖАНДАНУДА

0
64

Қазақстан Республикасының қарыштап дамып, экномикасы жоғары, бәсекеге қабілетті мемлекеттердің қатарына қосылуы, болашағы жарқын болуы қазақстандық жастардың қандай білім, тәрбие алып, қандай тұлға болып қалыптасуына да байланысты. Сондықтан да, Мемлекеттің Жастар саясатына байланысты жастармен жан-жақты жұмыс жасаудың маңызы зор. Жастардың теріс жолға түсіп, немесе өмірін өксітер жаман әдеттерге елтіп кетпеуі үшін Түркістан облысында да жоспарлы жұмыстар атқарылып келеді.
Қазіргі кезде дәстүрлі діндерге қосымша көптеген діни ағымдар, сектелер мен әсіредіншілдер ұйымдары саңырауқұлақтай қаптап келеді. Олардың бірқатары Қазақстанда тиым салынған ұйымдарға жатады. Соған қарамастын теріс бағытты насихаттаушы, әсіредіншілдікті дұрыс көруші ұйымдар жасөспірімдер мен жастарымызды дұрыс жолдан тайдыруға тырысып әрекет етіп келеді. Сол сияқты нашақорлық сияқты қоғамның үлкен дертіне айналған құбылыс та жастарды, тіпті мектеп қабырғасындағы жеткіншектерді елітіп, тұңғиығына батырып алып кету қаупі де сейілмей отыр.
Дегенмен де діни теріс ағымдарды әшкерелеп, қазақстандықтарды дәстүрлі емес діни ұйымдардан сақтануға қатысты мемлекеттік және діни ұйымдардың бірлескен жұмыстары жүргізіліп келеді. Ондай басқосулар, жастармен кездесулер Түркістан облысында да жүзеге асырылуда.
Таяуда Сауран ауданы әкімі аппаратының мәжіліс залында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан Төлепов кездесу өткізді. Жиынды аудан әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатов ашып, жүргізіп отырды. Кездесуге ауданның бас имамы Бауыржан Акауов, дін өкілдері қатысты.
Кездесуде ҚМДБ-ның Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан Сматұлы бүгінгі таңда Түркістан облысындағы діни ахуал жайлы және атқарылып жатқан жұмастарды кеңінен баяндап өтті. Түркістан өңірі бойынша ҚМДБ-на қарасты мешіттер саны — 768 құрайды. Онда 1200-дей дін қызметкерлері жұмыс атқарады. Сонымен қатар, облыстық өкіл имамының мәлімдеуінше облыс көлеміндегі мешіттердің құжаттарын толық заңдастыру қажеттігін айтып, бұл бағытта ауданға қарасты барлық мешіттердің жұмыстарын жандандыру керектігін жеткізді.
Жиын соңында аудан әкімі аппаратының басшысы Бахытжан Полатов ҚМДБ Түркістан облысы бойынша өкіл имамы Ержан Төлепов тарапынан айтылған барлық ұсыныстарына қолдау көрсететінін жеткізді. Сонымен бірге, өңірдің бас имамына алғысын білдіріп, арнайы алғас хат пен сый құрметін көрсетті.
Біреулер есірткі таратып, байлыққа кенеліп, белшесінен батып жүр, ал қаншама жан бұдан бақытсыздыққа ұшырап, өлім құшуда. Ел ішінде нашақорлар саны жыл сайын артуда, ал біз болсақ көрмеген, білмеген кейіп танытамыз. Өз басымызда болмаған соң, өзгенің проблемасына жүрегімізді де, жанымызды да ауыртқымыз келмейді.
Адам баласы алдында не күтіп тұрғанын білмейді, артта ұрпақ өсіп келеді. Не істеу керек? Жастарды оның құрығынан қалай құтқарамыз? — деген сауалдар әрине адам жанын мазалайды.
Есірткісіз қоғам құру – Қазақстанның әрбір азаматының алдындағы міндет. Есірткінің, оның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы болашақ ұрпақтың әл-ауқатына қауіп төндіретіні бәріңізге белгілі.
Осы ретте Түркістан ҚПБ қызметкерлері, әкімшілік Ішкі саясат бөлімі «Жастар ресурстық орталығы», әрбір Сектор қызметшілері және Ерікті жастар бірлесе қала көлемінде есірткі жасырылуы, жарнамалар орналастырылуы ықтимал орындарды анықтау үшін рейдтік іс-шараға жұмылдырылды. Рейдке қатысушы белсенді жастар есірткіге қарсы күресте белсенділік танытумен қатар айналасындағыларға есірткінің, нашақорлықтың зияны туралы ақпарат беріп, жастарды жаман әдеттен аулақ болуға насихаттауды да іске асырды.