КӨНЕ ҒИБАДАТХАНА КЕШЕНІ ҒЫЛЫМ ҮШІН БАҒАЛЫ ОЛЖА -1

0
54

Түбі бір түркілердің тарихи отаны, әрі көптеген Түркі қағанаттарының құрамындағы аумақ ретінде қасиетті Түркістан аумағынан жүздеген ғасырлардың сырын қойнына бүккен жәдігерлер, тарихи сәулет-архитектуралық нысан қалдықтары, жерлеу орындары, кесенелер табылып, бір замандарда бұл өңірдің адамзат дамуында ерекше маңызды рөл атқарғаны егемендік алғалы анық көріне бастады.
Түркістан облысынан таяуда тағы да бір сондай тарихи жәдігер табылды. Нысанда Каңлы қағанаты кезеңінің адамдары құрбандық шалғандығы анықталды. Ғибадатханадан тастан жасалған құралдар мен рәсімдерді орындауға арналған көптеген бұйым табылған.
Түркістандық археологтар тарихи нысанды тауып, зерттеуді бастады. Бұл тас ғибадатхана бірнеше бөлме мен дәлізден тұрады. Көне жәдігер Каңлы дәуіріне жатады, дейді мамандар. Сол кезеңдегі адамдар мұнда өздерінің салт-дәстүріне, сенім-нанымына байланысты белгілі бір уақыттарда аталған арнаулы орында құрбандық шалып отырған көрінеді. Ғибадатханадан керамикалық тостағандар, темекі тартқыштар, диірмен тастары мен астық үккіштер табылған. Шошақтөбе ғибадатханасы — ғалымдар үшін үлкен қазына болып отыр. Оны мұқият зерттеу жұмыстары, табылып жатқан жәдігерлерді зертханада зерттеу істері тың тарихи деректерді анықтауға, Қаңлы дәуіріндегі бабаларымыздың өмір салтын, қолданған еңбек құралдары мен ұстанған салт-дәстүрлерін, тұрмыстық әдебтері мен әдеттерін тереңірек білуге жол ашады. Профессор Александр Подушкиннің айтуынша, ғибадатхана Каңлы мемлекетінің сенімдері мен рәсімдері туралы түсінік береді.

(жалғасы бар)