КӨНЕ ҒИБАДАТХАНА КЕШЕНІ ҒЫЛЫМ ҮШІН БАҒАЛЫ ОЛЖА -2
Мұндағы кейбір жәдігерлерде кесірткелердің, қошқарлардың, тіпті азиялық мүйізтұмсыққа ұқсас жануарлардың кескіні бейнеленген. Сондай ақ, ғибадатхана маңайынан мыңдаған қыш ыдыс табылған.
Өзбекәлі Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің профессоры, Оңтүстік өлкесіндегі жәдігерлерді ондаған жылдардан бері зерттеп жүрген архиолог Александр Подушкин: «Біз мұнда ежелгі жәдігерлерді зерттеп жатырмыз. Әзірге мұнда қандай рәсімдер орындалғаны түсініксіз, дегенмен егіншілік атрибуттары жойылған кезде бәрін анықтаймыз. Мұнда көптеген құнды заттар бар. Менің ойымша мұның барлығы ежелгі дәстүрмен байланысты болуы мүмкін» дейді, алғашқы табылған жәдігерлер бойынша ойын түйіндеп.
Табылған ғибадатхананың жанынан адамдар жерленген бірнеше қорым да табылған. Ол қорымдарда көне түркілік дәстүрлерге сай бір отбасының мүшелері мен оларға тиесілі болған әшекейлер, және олар көзі тірісінде пайдаланған ас үй ыдыстары жерленген. Осындай анықталған жәйіттерге қарап зерттеуші археологтар: «Бұл ғибадатхана кешені – осы аймақты мекендеген тайпа адамдары осы жерлерде тұрақты мекені ретінде өмір сүріп, ғасырлар бойы құдайларына дұға еткен біртұтас кешен болған, дейді археологтар.
(жалғасы бар)