МЕМЛЕКЕТТІҢ КЕШЕНДІ ДАМУЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ -2

Кентау қаласында дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу көзделуде. Жаңа спорт нысаны заманауи әрі ыңғайлы болуы керектігін облыс әкімінің орынбасары арнайы атап өтті. Қала әкімдігі мен жауапты басқармаға жұмыс барысын бақылауды тапсырды. Бұдан бөлек қаладағы бокс мектебі мен Б.Саттарханов атындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тыныс-тіршілігімен де танысты. Бүгінгі таңда екі мектепке құрылыс жұмыстарына ұсыныс жасалынып, балалардың алаңсыз спортпен шұғылдануы үшін тиісті жұмыстар жүргізілуі қажеттігін атап өтті. Сонымен қатар, бұл бағыттағы тиісті ақпараттарды дер кезінде жолдап отыру қажеттігін айтты.
Сапар барысында облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Кентау қалалық орталық мешіт жанынан жаңадан салынып жатқан медресенің құрылысымен танысты. 4500 шаршы метрді құрайтын алаңға жатақхана, оқу ғимараты, спорт кешені, асхана ғимараттары салынады. Демеушілер есебінен салынып жатқан жатақхана 120 адамға есептелген. 2023 жылы басталған құрылыс келесі жылы аяқталады деп жоспарлануда. Ата заңымыз бойынша адамдардың наным-сеніміне еркіндік бар. Бірақ, елімізде мемлекет пен дін бір-бірінен бөлек болғандықтан да ел басшылығы қоғамның қауіпсіздігін, мемлекеттік қауіпсіздікті сақтау үшін дәстүрлі діндердің ел аумағында жұмыс жасауына заңмен рұқсат бергенімен, бұра тартушы, теріс бағыттағы секталар мен әсіре діни бірлестіктердің ел ішін бүлдірмейін де қадағалап отырады. Салынып жатқан медресе дәстүрлі ислам дінін ұстануды насихаттайтын мамандарды дайындап шығаратын болады.
Ертай Кенжебекұлы қаладағы 900 гектарды құрайтын төтенше жағдайдағы қауіпті аймақ жұмыстармен танысты. Алдағы уақытта бұл аумақтан объектілерді шығаруға қатысты мәселелер заң аясында қаралатын болады, деді.