ОТЫРАРДА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ -1

Қазақстан Республикасының ата заңында көрсетілгеніне қарамастан адамдардың баспаналы болуында әлі проблемалар бар. Баспана кезегіне тұруға жеңілдік болғанымен көпбалалы отбасылары кезегін жылдар бойы күтуге мәжбүр. Үкімет тарапынан түрлі бағдарламалар қабылданып, онда көпбалалы отбысыларына жеңілдіктер қарастырылуда. Әйсе де, барлық азаматарды бірден баспанамен қамту мүмкін болмауда. Әсіресеғ баспана құрылысы аз жүргізілетін ауылды жерлерде үй кезегін ұзақ күтуге тура келеді. Осындайда көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына жомарт жандар көмек қолын саозып, баспаналы болуына жәрдемдесуде.
Сондай жаны жомарт азаматтар таяуда Отырар ауданыда көпбалалы отбасына баспана сыйлап, бір отбасын зор қуанышқа кенелтті.
Отырар ауданында жомарт жандар көпбалалы отбасыға 4 бөлмелі тұрғын үй сатып алып берді. Облыстық мәслихат депутаттарының демеушілігімен Шәуілдір ауылының тұрғыны жаңа баспанаға ие болып отыр. Тұрғын үйдің кілтін табыстау сәтіне облыстық мәслихат депутаттары А.Салимов, Е.Хандиллаев арнайы келіп, жаңа қоныс иесін қуанышымен құттықтады.
Аталған шараға аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы да арнайы қатысып, қиын жағдайда қалған отбасыларға көрсеткен қолдаулары үшін мәслихат депутаттарына алғысын жеткізді.
Аудан басшысы өз сөзінде: «Ежелден дана халқымыз қайырымдылық жасауды, жақындарына көмектесуді азаматтық парыз деп санаған. Бүгінде елімізде өз жеріне, өз Отанына адал қызмет етіп, қайырымдылық шараларына да қолдау көрсетіп келе жатқан жандар аз емес. Міне, біз бүгін осындай азаматтардың қолдауымен баспанаға ие болып, бақытқа кенелген тағы бір отбасының қуанышына куә болып отырмыз. Осы сәтті пайдалана отырып сауапты іске атсалысқан жандарға алғысымды білдіремін», — деді.
(жалғасы бар)