ОТЫРАРДА КӨПБАЛАЛЫ ОТБАСЫ ҚУАНЫШҚА КЕНЕЛДІ -2

0
56

Облыстық мәслихат депутаты Алмас Алтайұлы адам баласы үшін қолдағы барымен бөлісіп, өзгелердің қуанышына себепкер болу ең үлкен бақыт екенін айтса, аудандық мәслихат төрағасы Уәлихан Ұзақов ауылдың, елдің ынтымағын арттырып, берекелі іске белсене кіріскен жандардың бүгінгі ісі кейінгі жастарға өшпес өнеге болары даусыз екенін жеткізді.
Шара барысында көпбалалы отбасыға тұрғын үйдің кілті табысталып, қуанышқа жиылған көпшілік шашу шашты.
Шәуілдір ауылының тұрғыны алты ұл-қыз тәрбиелеп отырған әке. Ұзақ жылдардан бері пәтер жалдап келген отбасы жаңа қонысқа қол жеткізіп, қайырымды жандардың арқасында қоныс тойын тойлап отыр. Қуанышын жасыра алмаған тұрғын үй иесі қайырымдылық жасап, қолдау көрсеткен жандарға шынайы ризашылығын білдірді.
Шарада ауыл биі Шайырбек Айжарықов елдің ынтымағы мен бірлігін арттыруға атсалысып жүрген жаны жомарт, жүрегі мейірімге толы қайырымды жандарға алғысын айтып, көпшілікке ақ батасын берді.
Әрине, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар, түрлі жеңілдіктер арқылы да жыл сайын мыңдаған көпбалалы, тұрмысы төмен отбасылар баспаналы болуда. Дегенмен, үкімет барлық баспанаға мұқтаж отбасыларын аз жылда толық үймен қамтамасыз ете алмайтындықтан, ел ішіндегі бақуатты, іскерлігімен мол табыс тауып жүрген, кәсіпкерлігін дөңгелентіп бизнесі дамыған азаматардың арасынан туған жеріне, ондағы адамдарға деген құрмет пен жанашырлықтың арқасында жоғарыдағыдай жандардың қайырымдылық әрекеттері жүрегіңе жылу ұялатады. Мұндай берекелі де шапағаты мол шара басқа да қаржылы, мүмкіндігі мол азаматтарға үлгі-өнее болып, олар да жаны жабырқау жандардың, пәтер сағалап жүрген отбасыларының жанынжадыратып, еңсесін көтеруіне осындай игі істерімен себепкер болып жатса қандай керемет болар еді.