САЯСИ ЛАГЕРЬ ЖАСТАРДЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ЖЕТІЛУІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТЕДІ -1

Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда атқарушы органдарға қоса саяси-қоғамдық, жастар ұйымдары да белсенді түрде жұмыстар жасауда. Ондағы басты мақсат –мемлекетіміздің болашағы жарқын болуы үшін еліміздің жастарын жан-жақты білікті, отаншыл да белсенді, саяси сауатты етіп тірбиелеу. Елдің саяси-қоғамдық өміріне белсенді араласатын, қоғамдық қана емес атқарушы билік саласында да біліктілікпен жұмыс жүргізе алатындай жастарды тәрбиелеу арқылы ел болашағын жарқын ету болып табылады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің спикері, «AMANAT» партиясының төрағасы Ерлан Жақанұлы Қошанов «Жастар Рухы» республикалық жастар саяси лагерінің жұмысына қатысты. Түркістан облысы Нысанбек ауылында Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 420 делегаттың бас қосуымен өткен жиында сөз алған Ерлан Жақанұлы, жастар үнемі жаңа үрдістердің басы-қасында жүретінін және мемлекетіміздің қозғаушы күші бола отырып, Әділетті Қазақстанның болашағы саналатынын атап өтті.
«– Осыдан екі жыл бұрын біз Зерендіде жастар қанатының атауын өзгерту туралы шешім қабылдаған едік. Содан бері «Жастар Рухы» қарқынды жұмыс атқарып келеді. Ұйымның аты ғана емес, заты да өзгерді. «Жастар Рухы» еліміздегі жетекші қозғалысқа, жастардың рухын көтеретін іргелі ұйымға айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Зеренді форумындағы бейнеүндеуінде жастардың заман талабына сай дамуы үшін үш негізгі басымдықты айқындап берді. Ол – білімге ұмтылыс, еңбекқорлық және патриотизм. Бұл бағыттар жастар қанатының алдағы даму жолының өзегіне айналды», – деді партия төрағасы. «Жастар Рухының» миссиясы – жастарды өзекті мәселелерді шешуге жұмылдыру және өскелең ұрпақты мемлекеттік жобаларды жүзеге асыруға жан-жақты тарту екеніне тоқталды.
(жалғасы бар)