РЕФЕРЕНДУ ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫНДЫҚ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

0
78

Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жарлығына сәйкес ағымдағы жылғы 6 қазанға Республикалық референдум өткізу тағайындалды. Референдум өткізуге, сондай-ақ, сайлаушылар тізімдерінде өз деректеріңізді нақтылауға байланысты барлық қызықтыратын мәселелер бойынша сіз республикалық 109 бірыңғай байланыс орталығына хабарласа аласыз. Сонымен қатар, аталған жүйе коммуналдық-тұрмыстық мәселелерге өтініш білдіруге және әкімдік көрсететін мемлекеттік қызметтер жөнінде кеңес алуға мүмкіндік бермек. Енді жарық, жылу, су, газ, жалпы тұрғын-үй коммуналдық жүйесіндегі ақау мен авариялық жағдайларда мекеме аралап, әуре-сарсаңға түсудің қажеті жоқ.
Байланыс орталығына ұялы және қалалық телефоннан қоңырау шалуға болады. Өтініштердің еш қайсысы жауапсыз қалмайды.
Түркістан облысының барлық қала, аудандарында алдағы өткізілетін референдум жөнінде мәлімет беретін Call-орталықтары ашылды. Референдум өткізуге, тізімге қосуға және алып тастауға, сондай-ақ, сайлаушылар тізімдерінде өз деректеріңізді нақтылауға байланысты барлық қызықтыратын мәселелер бойынша әр азамат Сall-орталықтың телефондарына хабарласа арқылы хабарласа алады.
Республикалық референду өткізуге байланысты облыстың өңірлерінде дайындық жұмыстары басталды. Қала, аудандарда алдағы референдумның өтетін мерзімі, оған қатысу үшін әр азаматтың қандай әрекеттер жасап, қайда тіркеліп, қалай қатысуына болатындығы, референдумға қатысты басқа да мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру, аумақтық, учаскелік референдум комиссияларының жұмыстары мен құжаттамаларды толтыруына байланысты, басқа да осы науқанға қатысты мәселелер бойынша семинарлар,, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
2024 жылғы 5 қыркүйек күні Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының ұйымдастыруымен «Республикалық референдумды ұйымдастыру және өткізу мәселелері» тақырыбында оқыту семинары өткізілді.
Аталған оқыту семинарға Мақтаарал ауданының 62 учаскелік референдум комиссиясының төрағалары мен төраға орынбасарлары және хатшылары сондай ақ, аудандық аумақтық референдум комиссиясының мүшелері қатысты.
Семинарда Түркістан облыстық аумақтық референдум комиссиясының мүшесі Қ.Құлажанов тыңдаушыларға 2024 жылғы 6 қазанға тағайындалған республикалық референдумды әзірлеу және өткізудің ұйымдастырушылық аспектілерін түсіндірді. Сонымен қатар, республикалық референдум өткізу кезінде ақпараттандыру, байқау және үгіт мәселелеріне, мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелерге тоқталып, «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының талаптарын түсіндіріп өтті.
Кездесу соңында Г.Махамбетова референдум өтетін күні комиссия мүшелері дауыс беру процесінде қандай да бір кемшіліктер мен бұзушылықтарға жол бермеуге және Қазақстан Республикасы «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңы талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз етуді ескертіп, аудандағы сайлаушылардың референдумға қатысу белсенділігін арттыру бағытында тиісті жұмыстарды жүргізуге шақырды.
Мақтаарал аудандық аумақтық референдум комиссиясының төрағасы Д.Ерімбетов оқыту семинарын қорытындылай келе барлық қатысушыларға алдағы референдумды дайындап, өткізу жұмыстарында сәттілік тіледі.
Семинарда қатысушылар өздерінің сұрақтарына жауаптар алып, учаскелік референдум комиссияларының қызметін құжаттамалық қамтамасыз етуді ұйымдастыру туралы бірыңғай заңнама бойынша тест тапсырды.