ЖАС ҰРПАҚТЫ ЖАМАН ӘДЕТТЕРДЕН САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ ӨТКІЗІЛДІ

0
58

Мемлекетіміздің болашағы жастарға арналған «Жастар саясаты» бағдарламасының басты мақсаты – жас ұрпақты білімді де тәрбиелі, жан-жақты дамыған, отаншыл азамат етіп тәрбиелеу. Осы мақсатта балаларды қорғау мен олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бақытты балалық шағын қалыптастыру бағытында көптеген жұмыстар атқарылады. Сондай-ақ жастарға арналған бағдарламалар олардың елге қажетті мамандықтарды игеріп, елдің дамуына қызмет ететін азаматтар етіп жетілдіру. Әсіресе, жеткіншектердің түрлі бұзақылық теіс жолға түсіп кетпеуі мен, жастардың ғасыр дертіне айналған нашақорлық пен қылмыстық жолға ұрынбауы үшін түрлі іс-шаралар іске асырылып отырады. Бұндай шаралар Түркістан облысының аумағында да арнаулы мекемелердің ұйымдастыруымен жүзеге асырылуда.
Таяуда ғана Түркістан облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Халықаралық Туризм және қонақжайлылық университеті мен Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттерімен нашақорлықтың алдын алу тақырыбында кездесу өткізді.
Іс-шараға Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы полиция полковнигі А.Бурханов, прокурор О. Алтынбаев, дәрігер-нарколог Д.Шалапов пен оқу орындарының 450-ден астам оқытушылары мен студенттері қатысты.
Негізгі мақсат — салауатты өмір салтын насихаттау, жастардың есірткі тұтынуға теріс көзқарасын қалыптастыру, спортқа баулу және жаман әдеттерден бас тартуға дағдыландыру.
Кездесу барысында шақырылған қонақтар жастарға синтетикалық және өзге де есірткілердің, психотроптық заттардың зияны туралы, олардың өмір мен денсаулыққа кері әсері, есірткіні сақтауға және өткізуге байланысты қылмыстардың салдары туралы түсіндірді.
Сонымен қатар студенттерге нашақорлық пен есірткіні қолдану мәселесі, сондай-ақ есірткі заттарының заңсыз айналымын болдырмау бойынша атқарған жұмыстары туралы бейнероликтер көрсетілді.
Кездесу соңында студенттер мамандарға талқыланған тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Сондай-ақ полицейлер жастарды салауатты өмір салтын ұстануға және заңдарды сақтауға шақырды.
Мемлекет басшысының биылғы Жолдауында да балалардың, жастардың есірткіге құмартып, өз тағдырларын тәлкекке салуының алдын алу мақсатында жұмысты жандандыру, еліміздің болашағын дені сау, білікті де тәртіпті етіп тәрбиелеу бағытындағы жұмыстарды арттыру түсуді тапсырды.
Қазығұрт аудандық полиция бөлімінің бастығы полиция подполковнигі Алмас Серікбаев аудандағы бірқатар мектептердің жоғары сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Кездесуде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмыстың түрлері яғни құмар ойындар, лудомания, есірткінің алдын алу,тақырыбында баяндама жасап, қазіргі қоғамда белең алып отырған оқиғаларға тоқталды.
Сонымен қатар шарада жастарға лудомания, нашақорлық жайлы деректі фильмдер көрсету арқылы, осы әрекеттердің соңы немен аяқталатыны жайлы да сезіндіруді мақсат етті.
Аталған шара облыстың бас полицейі Мұрат Талапұлының тікелей тапсырмасымен орындалып жатқанын ескерсек, осы бағыттағы профилактикалық жұмыстар оқушыларды құқықтық сауаттандыруға, оларға қарсы жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылықтың алдын алуға көптеп көмегін тигізетіні анық.