АУДАН ӘКІМІНІҢ ТҰРҒЫНДАРМЕН КЕЗДЕСУІ ЖАЛДҒАСУДА

0
63

Мемлекет басшысы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын ұсынып, әкімдерге және басқа да салалардағы жауапты, халықпен жұмыс жасайтын басшыларға халықпен кездесулер ұйымдастырып, ел алдында есеп беріп, сол сияқты жыл бойы кесте белгілеп соған сай тұрғындарды жеке қабылдау жасауын міндеттеген еді. Соған байланысты Түркістан облысында да билік пен халық арасында байланыс орнап, әкімдер жауапты қызметкерлерімен бірге өз аумағының тұрғындарымен кезедсіп, жеке қабылдаулар өткізуді жолға қойған. Осы тұжырымдаманың аясында Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан аумағындағы қала, кент, ауылдық округтерді аралап, халықпен кездесуін жалғастыруда.

Аудан басшысымен жүздесуі жергілікті баспасөз беттері мен әлеуметтік желілерде алдын ала жарияланған кестеге сәйкес Ынтымақ ауылдық округінде өтті. Әкімнің халықпен кездесулерінің кестесі алдын ала жарық көріп, хабарланғандықтан ол кезджесулерге тұрғындар белсенділікпен жиналуда. Және әкім мен халықтың арасында ашық әңгіме өрбіп, көптеген мәселелер туралы сөз қозғалуда.

Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Ынтымақ» жалпы орта мектебінде өткен кездесуге аудандық мәслихат төрағасы Медет Қасымов пен «AMANAT» партиясы Жетісай аудандық филиалының атқарушы хатшысы Асқар Қайназаров, аудандық мәслихат депутаттары Бекет Ділдәбаев пен Мұрат Құрбанов, аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Бақыт Жаңбырбаев пен барлық бөлім басшылары, аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері, білім мен денсаулық сақтау саласының басшылары, жергілікті тұрғындар қатысты.

Аудан басшысы өткен тоқсанда тұрғындар тарапынан айтылған бірқатар мәселелердің орындалу барысына тоқталды.

Аудан басшысының айтуынша бұған дейін тұрғындар тарапынан көтерілген 11 мәселенің 3-і нақты шешімін тапса, 8-і орындалу үстінде.

Нақтырақ айтар болсақ, Ақниет ауылындағы ескірген 6 дана электр бағаналары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС тарапынан ауыстырылса, осы ауылдағы жалпы ұзындығы 1,7 шақырымды құрайтын Ақши көшесіне орта жөндеу жұмыстары жүргізілген. Әден ата елді мекенінен Асықатадағы «Қайнар» мектеп-гимназиясына қатынайтын оқушыларға облыстық маңызы бар КХ-25 автомобиль жолының Әден ата, Өркенді елді мекендерінің тұсына жаяу жүргіншілер өткелін таңбалау жұмыстары жүргізіліп, жол белгілері орнатылған.

Сонымен қатар, ауыз судың жағдайы, медициналық пункт салу, көшелерді орта жөндеуден өткізу, Көрікті ауылындағы иесіз трансформаторды ауыз су мекемесінің меншігіне өткізу, Үшкөпір ауылынан жаңа мектеп салу, Әден ата ауылындағы ағын су арықтарына шлюздер орнату мәселелері бойынша да арнайы жұмыстар жүргізілуде.

Одан бөлек, жердің мелиоративтік жағдайын жақсарту мақсатында 37 тік дренаждарды қалпына келтіру үшін құрылыс жұмыстары басталып, Ақниет ауылында «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында 600 орындық мектеп құрылысы жүргізілуде.

Ішкі жолдардың сапасын жақсарту мақсатында жергілікті бюджеттен 2,8 млн теңге бөлініп Әден ата елді мекенінің Болашақ көшесі орта жөндеуден өтсе, Үшкөпір елді мекенінің Жаңа құрылыс, Қараойлы, Ақкөл, Өркенді елді мекенінің Әмірханов, Аймаутов, Нұр елді мекенінің Бөкейханов және Алтынсарин көшелеріне жарық шамдар орнату үшін жергілікті бюджеттен 6,3 млн теңге, Көрікті елді мекенінің Егіндік, Құлшеке көшелеріне электр бағаналарын орнату үшін жергілікті бюджеттен 3,3 млн теңге бөлінген.

Серік Үсенұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бағытында бірқатар атқарылған және алдағы уақытта атқарылуы тиіс жұмыстардың жоспарлары жайлы баяндамасынан соң көпшіліктің сұрақтарына жауап берді. Округтің өзекті, түйіні тарқатылуы тиіс салаларын саралап, тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін тыңдаған аудан әкімі кездесуден соң жеке мәселелерін айтамын деушілерге арнайы қабылдау өткізді. Қабылдауда көтерілген мәселелер бойынша тиісті бөлімдер мен мекеме басшыларына тапсырмалар берді.