АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМДЕРІНІҢ ХАЛЫҚПЕН КЕЗДЕСУІ ӨТУДЕ

0
79

Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының негізінде әр деңгейдегі әкімдер өз аумағының тұрғындарымен кездесіп, жеке қабылдап, олардың мұң-мұқтажын, өтініш-тілектері мен арыз-шағымдарын, ұсыныстарын тыңдап, туындаған мәселеріне құлақ асып, оларды заң аясында шешуі міндеттелген. Әр билік пен халықтың арасындағы бұл қарым-қатынас олардың бір-біріне деген сенімін нығайтып,, белгілі аумақтың проблемаларын шешуге де септігін тигізеді. Түркістан облысында тұрғындармен арадағы байланысты нығайтуға бағытталған қабылдаулар мен кездесулер арнайы бекітілген кестеге сай тұрақты өткізіліп келеді. Ір кездесуде көтерілген, қабылдауларда айтылған мәселелер мүмкіндігінше заң аясында шешіліп отырады.

Төлеби ауданының Тасарық ауылдық округінің әкімі Алтынбеков Бақтыбек Сейтханұлы Оңтүстік ауылының тұрғындарымен кездесті. Кездесу Оңтүстік негізгі орта мектебінде өтті. Кездесуге жалпы ауыл тұрғындары қатысты.

Халықпен кездесуде округ әкімі «Округіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылы атқарылған және алдағы уақытта атқарылатын жұмыстары» туралы баяндама жасады. Баяндамашы екі кездесу арасында атқарылған жұмыстарға, тұрғындардың көтерген мәселелері мен ұсыныс-өтініштері бойынша жасалған және жасалынып жатқан іс-шаралар туралы айтты. Сол сияқты биылғы жыл аяғына дейін атқарылатын жұмыстарға да тоқталып өтті.

Кездесу барысында қойылған сұрақтарға Тасарық ауылдық округ әкімі Б. Алтынбеков жауап беріп, көтерілген мәселелердің шешу жолдары мен орындалу кезеңі жайында айтып өтті. Жиынды қорытындылаған округ әкімі айтылған мәселелер жөнінде хаттама түзілетінін және алдағы уақытта көтерілген мәселелер бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі хабарланатынын жеткізді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес Киелітас ауылдық округі әкімі Киелітас ауылының тұрғындарымен кездесуі М.Әуезов атындағы жалпы орта мектебінде өтті. Кездесуге ардагерлер, зиялы қауым, ауыл тұрғындары мен жастары қатысты.

Халықпен кездесуде округ әкімі «Округтің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2024 жылдың 8-айында атқарылған және алда атқарылатын жұмыстары» туралы баяндама жасап болған соң кездесу «сұрақ-жауап» форматында жалғасын тапты.

Ауыл биі В.Маменов егілген ағаш көшеттерін суару туралы;

Ауыл тұрғыны А.Дурсунов көшедегі түнгі жарықты қосу уақытын ауыстыру туралы;

Ауыл тұрғыны Б.Тастанбекова көшедегі түнгі жарықтың 2 үйдің алдында жанбай тұрғаны туралы;

Ауыл тұрғыны Ф.Демеуова Атамекен көшесін асфальттау туралы ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Кездесу жиынында қойылған сұрақтарға ауылдық округі әкімі жауап беріп, кездесу барысында халық көтерген проблемалық мәселелерді шешу жолдары туралы арнайы іс-шара түзіліп, оның орындалу барысы жөнінде жазбаша түрде жауап берілетінін жеткізді.