ИНФРАҚҰРЫЛЫМ ЖҮРГІЗУ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУҒА ӘКЕЛЕДІ
«Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы Қазақстанның барлық өңірлеріндегі тұрғындардың жайлы да қолайлы өмір сүруін, әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларының жақсаруын, әрбір азаматтың жұмыспен қамтылуын, немесе өзінің жеке кәсібін ашу арқылы табыс көзін табуын, инвестициялар тарту арқылы өңірлердің өндірістік, ауыл шаруашылық потенциялын арттыру арқылы экономикасын дамытуды мақсат еткен жоба. Бұл жобаны жүзеге асыру арқалы, яғни өңірлердің дамуы арқылы бүкіл мемлекеттік дамуына қол жеткізілу мақсат етіліп отыр.
Жобаны жүзеге асыруда Түркістан болысында көптеген жұмыстар атқарылып жатыр. Қала, аудандарда жалпы жан-жақты дамуды қамтамасыз ету бойынша нақты жұмыстар атқарылуда. Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров Абай елді-мекеніндегі су тарату орталығына барып, ауыз су мәселесін тексерді. Жалпы елді-мекенді ауыз су жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында 2011 жылы құрылыс жұмыстарын «Бек-Сервис» ЖШС-і мердігер мекемесінің ықпалымен жүзеге асқан.
Екі мыңға жуық халық қоныстанған аймақта 246 үй болса, су алушы абонент саны 192-ні құрайды. Бүгінде нысан ішіндегі құрал-жабдықтар қараусыз қалу салдарынан барлық су құбыр жүйесі жарамсыз күйде тұр. Одан бөлек, нысан құрылысында ұңғыма қазу жұмыстары да қаралмаған. Осыған сәйкес, қазіргі таңда жобалық сметалық құжаттары әзірленіп, бюджеттің қарауына ұсынылған. Жобаны жүзеге асыруға қажетті қаржының бөлінуіне өтінім де жолданған. Егер жоба мақұлданса, орталық құрылыс жұмыстарын бастауды көздеп отыр.
Аудан әкімі Мақсат Таңғатаров “Бабайқорған-Абай” елді мекендерінің арасындағы аудандық маңызы бар жолына жүргізіп жатқан асфальт төсеу жұмыстарының сапасын бақылады. Онда жергілікті тұрғындармен кездесіп, олардың шағымдарын тыңдады. Аталмыш аймақтың 9 шақырым автожолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Аталмыш аймақта асфальт жабындысының қалыңдығы нормаға сәйкес еместігі анықталған болатын. Мердігер мекеме кемшілік анықталған асфальт жабындыларын қырып, қайта асфальт салу жұмыстарын жүргізуде.
Сонымен қатар, аудан әкімі мердігер мекеме басшылығына асфальт төсеу жұмыстарының сапалы болуын ескертті. Техникалық талаптарға сай әрі уақытылы аяқталуына баса назар аудару қажеттілігін айтты. Нысанды тексеру аяқталғаннан соң, аудан әкімі жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Жолдас Мырзабековке жөндеу жұмыстарын жеке бақылауға алуды тапсырды.
Сауран ауданында 2024 жылдың жоспарына сәйкес, «Кар-Тел» ЖШС және «Кселл» АҚ операторлары тарапынан 9 елді мекенге (Бабайқорған, Ынталы, Аша, Шорнақ, Ибата, Ескі Иқан, Жүйнек, Қарашық, Қосмезгіл) жаңа базалық станция қойылу жоспарланған. Қазіргі таңда антенна орнату орындарына жер рәсімделіп, қажетті жұмыстар жүргізілді.
Аталмыш елді мекендерде базалық станция орнатылып, тексеру жұмыстары жасалынып, санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың қорытындысына сәйкес, қосылуда. Қосмезгіл елді мекеніне алдағы уақытта 4G стандартын қолдайтын базалық станция орнатылатын болады. Техникалық жұмыстар ағымдағы жылы аяқталады.