КОНСУЛЬТАЦИЯЛЫҚ-КЕҢЕСШІ ОРГАННЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

0
63

Түркістан облысының аумағында ұателік жасап жазалы болған азаматтарды қоғамнан аластамай, қайта жіберген қатесін түсініп, түзелуіне, заңдылықты сақтап өмір сүруге бейімделуіне көмектесу бағытындағы жұмыстар жоспарға сай атқарылып келеді. Арнайы есепте тұратындарды қадағалау барысында оларға конституциялық құқықтарына сәйкес көрсетілуге тиісті қызметтер мен берілуге тиісті көмектердің көрсетілуі бақыланып, олардың орындалуы анықталып отырады. Сол сияқты есепте тұрған азаматтарды қоғаммен кіріктіру үшін түрлі бұқаралық, спорттық, мәдени көпшілік шараларға да қатыстырып отыру қарастырылған. Осының бәріне қосымша олардың отбасына әлеуметтік жәрдемдер жасалуын ұйымдастыру, отбасындағы жағдайды, тәрбиенің берілу барысын қадағалаумен қатар олардың мектеп жасындағы балаларын жаз айларында лагерлерге тегін жіберу, жаңа оқу жылы қарсаңында мектепке толық дайындықпен баруын қамтамасыз етуге байланысты қажетті мектеп формаларының, оқу құрал-жабдықтарының толық жеткілікті болуына қадағалау да жүзеге асырылады.
Қазығұрт ауданы әкімдігі ғимаратының мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Серік Тұрсынқұловтың төрағалығымен консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысы өтті. Жиынға аудандық білім бөлімінің басшысы, аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері, аудандық Полиция бөлімінің пробация қызметкері, аудан әкімдігінің дербес бөлім басшылары мен тиісті мамандар қатысты.
Отырыстың күн тәртібінде өзекті 2 мәселе қаралды:
Бірінші Пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік, құқықтық, медициналық, психологиялық көмектер көрсету, сондай-ақ мәдени, спорттық, бұқаралық іс-шараларға тарту туралы мәселе қаралса, екінші Пробация қызметі есебінде тұрған адамдардың отбасындағы тәрбие және білім беру ұйымдарындағы балаларын тегін лагерлерге жіберу, мектепке қажетті киімдермен, құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету, сондай-ақ, өзге де әлеуметтік көмектерді ұйымдастыру туралы мәселе қаралды.
Қаралып отырған екі мәселе де өте маңызды. Өйткені, жаңылыс қадам басып жазалы болып қалған адамдарды қоғамнан шеттетпей, қайта қоғамға тонның ішкі бауындай қайтадан араласып, өзін еліміздің тең құқылы азаматы ретінде сезініп кетуіне көмектесу арқылы оның алдағы кезде заңдылықты бұзбастан, жұрт қатарлы ел игілігі үшін шама-шарқынша жұмыс жасап, ел қатарлы өмір кешуіне жол ашылады.
Күн тәртібіндегі мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті мамандарға тапсырмалар берілді.