ДАРЫНДЫ САЗГЕРГЕ АРНАЛҒАН ОБЛЫСТЫҚ ӘН БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ

0
82

Созақ өңірі әрқашан дарындар мен таланттарға бай өлке. Бұл ауданнан қазақ мәдениеті мен өнерінің дамуына сүбелі үлес қосқан азаматтардың арасында дарынды сазгер Әділбек Нысанбаев та бар. Оның «Бала ғашық» әні бүкіл қазақ даласының түкпір-түкпіріне дейін таралып, әлі күнге дейін жұртшылықтың сүйікті әндерінің қатарында келеді. Созақта «Әділбектің әндері-ай» атты облыстық ән байқауы алғаш рет сазгердің алпыс жылдық мерейтойында өткізілген еді. Араға он жыл салып, Әділбек Нысанбаевтың 70 жылдығына орай тағы да ұйымдастырылып, өткізілуде.
Ұстаз, дарынды сазгер, Созақтың талантты перзенті Әділбек Нысанбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара С. Қожанов атындағы Созақ аудандық тарихи-өлкетану музейінен бастау алып,Т. Әлімқұлов атындағы №14 мектеп-интернат лицейінде жалғасты. Ән өнері тарихында қолтаңбасын әнмен қалдырған Әділбек Нысанбаевқа арналған экспозициялық бұрыш пен дәрісхананың салтанатты түрде лентасы қиылды.
Созақ аудандық «Мыңжылқы» мәдениет үйінде ұзтаз, дарынды сазгер Әділбек Нысанбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Әділбектің әндері-ай» атты облыстық ән байқауын аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков ашып, сайысқа қатысушы үміткерлерге сәттілік тіледі.
Тағылымды шара аясында Қазақ ұлт аспаптар оркестрі күмбірлете күй орындады. Сондай-ақ оркестрдің сүйемелдеуімен ҚР еңбек сіңірге мәдениет қайраткері, ауданның «Құрметті азаматы» әнші Жұбаныш Жексенұлы, облыстық филармония әншісі Оразәлі Жаңабай, Назар Смағұл және «Өркен» тобы бастаған өнерпаздар Әділбек Нысанбаевтың әндерін жанды дауыста шырқап, шараға жиналған жұртшылықтың қошеметіне бөленді. Мың бұралған бишілер өз өнерлерімен көпшілікті тәнті етіп, салтанатты шара одан әрі «Әділбектің әндері-ай» атты облыстық ән байқауға ұласты.
Байқауға облыс аумағындағы аудан, қалалардан келген 15 үміткер қатысып, ІІ кезең бойынша өзара сынға түсті. Бірінші кезеңде үміткерлер Әділбек Төлегенұлының шығармашылығынан бір ән орындаса, екінші кезеңде еркін тақырыпта Қазақстан композиторларының бір әнін орындайды.
Дарынды сазгер Әділбек Нысанбаевтың 70 жылдық мерейтойына арналған «Әділбектің әндері-ай» атты облыстық ән байқауы өз мәресіне жетті.
Қорытынды шарада ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ауданның «Құрметті азаматы» әнші Жұбаныш Жексенұлы Әділбек Нысанбаевтың әндерін жанды дауыста шырқап, барша жұртшылықтың зор қошеметіне бөленді.
Байқауға облыс аумағындағы аудан, қалалардан келген 15 үміткер қатысып, ІІ кезең бойынша өзара сынға түсті. Бірінші кезеңде үміткерлер Әділбек Төлегенұлының шығармашылығынан бір ән орындап, екінші кезеңде еркін тақырыпта Қазақстан композиторларының бір әнін орындады.
Әнді жанды дауыста әуелете шырқаған талантты әншілер өз өнерлерімен ерекшеленді. Жүлдегер атанған өнерпаздар мен арнайы дайындалған номинация иелеріне арнайы сыйлықтар табысталды.
Жарыс нәтижесі бойынша бас жүлдені Созақ ауданының дарынды таланты Айдос Әлқуат қанжығаға байлап, жүлделі І орын Баймаханов Серікбай Келес ауданы иеленді.
ІІ орынға Бәкір Бақдәулет Шардара ауданы, Абзал Қуаныш Ордабасы ауданы тұрақтап,
ІІІ орынды Дуэт Сарыағаш Бұхарбаев Нұрлыбек, Нұрсейіт Шырынхан және Түркістан қаласынан келген Анашбеков Нұрбақыт місе тұтты.
Сондай-ақ Созақ ауданы әкімінің жүлдесімен Бәйдібектік Қос тұра дуэті,
”Үш бәтерек” арнайы жүлдесін Созақ ауданының жас өнерпазы Тыныбекова Әлия иеленді.
“Елім менің” жүлдесін Сауран ауданынан келген Бабаханов Шахзод иеленіп,
”Бала ғашық”жүлдесімен Асқар Нұрсұлтан Сайрам ауданы марапатталып, қошеметке бөленді.
Бұған қоса, Төле би ауданынан келген Ағабек Бақдәулет пен Сатылғанова Гүлзат, Көшер Елнұр Жетісай ауданы, Тағаев Жәнібек Мақтаарал ауданы, Сейілхан Ердос Арыс қаласы, Төлешов Сейтқұл Отырар ауданы арнайы Алғыс хатпен марапатталып, құрмет көрсетілді.