ПОЛИЦИЯ КҮЗЕТ ҚЫЗМЕТІМЕН ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫНА ЖҰМЫЛДЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасында азаматтардың құқығын қорғау мен қауіпсіздіін сақтау салаларында кешенді шаралар қолға алынуда. Мемлекеттің негізгі мақсаты – әділетті де қауіпсіз құқтық қоғам құру және соның арқасында дамудың сара жолына түскен озық елдердің қатарына қосылу. Сондықтан, елімізде осы бағыттағы маңызды реформаларды жалғастырылып, жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Мемлекет басшысы биылғы жылғы Жолдауының тақырыбына заң мен тіртіпті шығаруының өзі елімізде заңдылық пен тәртіптің, қоғамдық қауіпсіздік пен азаматтардың құқығының қорғаулына ерекше мән беріліп отырғанын көрсетеді. Осы жолдауында ол «Тағы бір мәселе – азаматтардың қауіпсіздігі. Жеке адамнан бастап тұтас қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз ету – мемлекет үшін стратегиялық маңызы бар басымдық.
Көптеген елде, тіпті кейбір дамыған мемлекеттердің өзінде қылмыс пен тәртіпсіздік өршіп тұрғанына қарамастан, біз соңғы жылдары қауіпсіз қоғам құру жолында едәуір жетістікке жеттік. Көшедегі, қоғамдық орындардағы қылмыс пен заңсыздық тыйылып келеді. Дегенмен арқаны кеңге салуға болмайды» деп осы бағыттағы жұмысты жалғастыра беруді тапсырды.
Түркістан облысында құқық қорғау саласының мекемелері өздеріне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен атқарып, облыс аумағында қоғамдық және жеке азаматтардың, балалардың қауіпсіздігі мен қорғалуына байланысты көптеген шараларды жүзеге асырып келеді.
Облыс тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция тәулік бойы қызметте. Аптаның демалыс күндері профилактика тіптен күшейтіліп, рейд жүргізіледі.
Өткен аптадағы жұмыс барысында полиция қоғамдық орындарда және көшелерде жаяу патрульдеу санын көбейтіп, жеке күзет құрылымдарын тарта отырып қызметке түсті. Яғни полиция мен күзет ұйымдарының қызметкерлеріне саптық жиын өтіп, жұмыс барысы түсіндірілді. Жұмыс тобына Түркістан қаласы аумағы, оның ішінде көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету тапсырылды. Осылайша Түркістан облысы Полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімінің жеке күзет ұйымдарымен жасасқан екіжақты меморандум іске асырылды. Жергілікті полиция қызметі, патрульдік полиция қызметкерлерімен қоғамдық тәртіпті сақтау, қылмыстардың алдын алу мақсатында адам көп шоғырланатын жерлерде жеке күзет ұйымдарының жедел әрекет ету тобы жұма, сенбі, жексенбі күндері қызмет атқарды.
Нақтырақ айтсақ, облыс аумағында қызмет атқаратын жедел әрекет ету топтары бар 20 жеке күзет ұйымымен Түркістан облысының барлық қала, аудандарында осы профилактикалық іс-шара тұрақты түрде қолға алынды.
«Бұл іс-шарамыздың басты мақсаты — тұрғындар тыныштығын қамтамасыз етуде тиісті құрылым қызметкерлері бірлесіп, оң нәтижеге қол жеткізу. Заңдылық пен тәртіпке бой ұсынатын қоғам қалыптастыру», — деп атап өтті Полиция департаментінің Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Есенәлі Сенбиев.
Сайрам Ауданының Прокуратурасының ұйымдастыруымен, Сайрам Ауданының Полиция Басқармасы қызметкерлерінің қатысуымен кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бағытында оқушылармен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында құзырлы орган қызметкерлері жеткіншектерге құқықтық кеңестерін айтты. Атап айтқанда, бұзақылық, ұрлық, алаяқтықпен алдау әрекеттерінен аулақ болу бойынша білім мен тәрбиені ұштастыра отырып, өзін дамыту жолында еңбек ету қажеттілігі түсіндірілді.
Сондай-ақ, кездесу соңында оқушылар тарапынан қозғалған тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып, оларға толыққанды жауаптар берілді.