МЕКЕМЕЛЕРГЕ ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

0
51

Елімізде жаңа Қазақстанды құруға кіріскелі Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметшілердің халыққа адал да сапалы қызмет көрсетуін қалыптастырып, тұрғындарға мемлекеттік мекемелерде көрсетілетін қызметтер қолжетімді, яғни ешқандай кедергісіз, жайлы жабдықталған жағдайда өтуін қамтамасыз етуді тапсырған. Бұл қоғамдық қабылдау да «Халық үнін еститін мемлекет» тұжырымдамасына кіретін шаралардың бірі. Қоғамдық қабылдаулар алдын ала белгіленген күндері өткізіліп, оған кезекке жазылмастан кез келген азамат келіп, тиісті мәселесіне байланысты әкімдікке кіріп, мәселесін мемлекеттік қызметшіге айтуға, артынан оның жауабын алуға құқылы.
Түркістан облысының Цифрландыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік қызмет – мәртебелі міндет» атты облыстық семинар өтті. Оған аудан, қала әкімдіктерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге жауапты мамандары қатысып, мемлекеттік қызметтердің Түркістан облысында көрсетілу барысы талқыланды.
– Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласы тікелей Президент әкімшілігінің бақылауында екендігі және сала бойынша ҚР Президентінің №954 Жарлығына сәйкес, мемлекеттік органдар жыл сайын бағаланып отыратындығы барлығымызға белгілі. Осыған орай, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына аса мән берілуі және жоғары деңгейде орындалуы тиіс, — деді басқарма басшысы Марат Айнабеков.
Жиналыста басқарманың мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау бөлімінің басшысы Нұржан Қалтбеков Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасына жүргізілген ішкі мемлекеттік бақылау шаралары туралы айтты.
Сондай-ақ, «ХҚКО» МО АЖО ЫАЖ» мониторингі нәтижесінде анықталған бұзушылықтар баяндалды. Қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша нақты ұсыныстар айтылып, құқықтық оқыту өткізілді.
Сол сияқты, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында, 2024 жылдың 25 қыркүйегінде Жетісай ауданы әкімі аппаратының қызметкері «аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Бақылау барысында ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімі қызметінің қалыпты жағдайда жүріп жатқандығына және мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай (мүгедек жандарға автотұрақ белгілері, кіріп шығу пандусы, шақырту батырмасы) жасалғанына көз жеткізді.
Сонымен қатар, қызмет алушылардың өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тындап, келесідей кемшіліктерді анықтады. «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» қажетті техникамен толық қамтылмаған және интернет жылдамдығы төмен.
Анықталған кемшіліктерді қалпына келтіру және қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасау мақсатында күту орындарын қайта оңтайландыру жөнінде ұсыныстар енгізілді.
Айта кету қажет, аудан әкімдігі тарапынан алдағы кезеңде де халыққа мемлекеттік қызметтердің сапалы және уақытылы көрсетілуі бақылауда болады.
Сауран ауданында да Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменттің бастамасымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында іс-шара жоспары бекітілген болатын.
Осы жоспарға сәйкес, Сауран ауданы әкімі аппаратының «Ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі» бөлімі басшысының міндетін атқарушы Сабина Қуанышбек Шорнақ ауылдық округі аппаратында тұрғындарға қызмет көрсету, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандарға ғимаратқа кіріп-шығу қолайлығын зерделеп, қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізді.
Қоғамдық бақылау барысында ауылдық округі әкімі аппаратында мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін жасалған тактильді жолақтар, арнайы шақырту батырмасы мен пандус орнатылғаны, өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы жұмыс істеп тұрғаны анықталды. Бақылау нәтижесінде, қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында мәселелер талқыланып, тиісті ұсыныстар берілді.
Алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсетуші мекемелерге тұрақты түрде қоғамдық бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.