СҮТКЕНТТІҢ МЕРЕЙТОЙЫНА ЧЕМПИОНДЫҚ БЕЛБЕУ СЫЙЛАДЫ

Үстіміздегі жылдың 21 қыркүйек күні Ақтөбе қаласынның Қоныс спорт кешенінде “Alash Pride” 100 турнирі өтті. Осы жарыста жерлесіміз, Шардара ауданы Сүткент ауылының келіні Файзоллақызы Зәмзагүл өзбекстандық қарсыласын қолын қайыру әдісімен жеңіп чемпиондық белбеуге ие болды.
Бұған дейін, жерлесіміз Дүниежүзілік Көшпенділер сайысында қазақ күресінен қыздар арасында 77 кг салмақ дәрежесінде Файзоллақызы Замзагул күміс жүлдені еншілеген болатын.
Кәсіпқой жекпе-жектен әлемге аты танымал қазақ күресі мен дэюдо күресінен республиканың бірнеше дүркін жеңімпазы, талай халықаралық жарыстардың жүлдегері Зәмзагүл Файзолланқызы Ақтөбедегі жекпе-жектегі тамаша жеңісінмен өзі келін болып түскен Сүткент ауылының мерейтойына қомақты сыйлық жасап, аудан ғана емес облысымыздың даңқын арттырып, абыройын асқақтата түсті.
Қазақтың тарихындағы жауға шапқан батыр да сыл қызы Бопай батырдың есімін спорттық жекпе-жектердегі псивдониімі етіп алып «Бопай» деген атпен аренаға шығып талай кәсіби жекпе-жектерде жеңістерге жетіп жүрген Зәмзагүлді жеңісімен құттықтай отырып, еліміздің даңқын алдағы кезде де шығара беруіне тілектестік білдіреміз.
Бір келіні әлемдік деңгейдегі жекпе-жек сайысының чемпиондық белбеуін жеңіп алып осындай үлкен сый жасаған Шардара ауданы Сүткент ауылының тарихы сонау ХІ ғасырдан бастау алады. Ұлы Жібек жолы бойындағы Сүткент сол заманда өркениет пен мәдениет орталығы саналған. Шежіресі тереңде жатқан осынау мекенде 1944 жылы Сүткент совхозы құрылып, аудандағы алдыңғы қатарлы ұжымға айналды.
Міне, бүгінде Сүткент ауылының 80 жылдық мерейтойы салтанатты түрде атап өтілуде.
Ауылдың мерейтойына аудан әкімі Арман Қарсыбаев және Парламент депутаты, ақын Қазыбек Иса, Сүткент топырағында туылып, бүкіл республиканы мойындатқан ақын Әлібек Шегебай, ел ағалары Әбдіжаппар Оңалбаев, Рақымжан Кенбай, Тоқсанбай Бердібеков, Қыстау Ілесов бастаған еңбек ардагерлері арнайы қатысты.
Салтанатты шара басында ауылда «Құрмет тақтасы», Ардагерлер аллеясының тұсауы кесіліп, ауылға кірер тұста арка ашылды. Ардагерлер аллеясындағы ескерткіш тақтасында Сүткент ауылынан Ұлы Отан соғысына аттанған 52 соғыс және 1 Ауған соғысы ардагерлері мен Еңбек ардагерлерінің есімі орын алған.
Бүгінгі таңда Сүткент ауылында 3066 адам тату-тәтті ғұмыр кешуде. Негізгі күнкөріс көзі диқаншылық пен мал шаруашылығы.
Салтанатты жиында аудан әкімі Арман Қарсыбаев жиналған қауымды Сүткенттің мерейлі тойымен құттықтап, кеңшардың дамуына үлес қосқан еңбек адамдары мен ауылдан шығып, алысқа қанат қаққан ауыл мақтаныштарын «Сүткентің 80 жылдағы» мерекелік медалімен марапаттады. Сондай-ақ, Қазыбек Иса, Әлібек Шегебай сынды ел ағалары ізгі тілектерін білдірді.
Салтанатты жиын ұлттық ойындардан бәсекеге ұласып, кешқұрым концерттік бағдарламамен жалғасып, дүбірлі тойдың қызығы еселенді.