ОБЛЫСТА ТОҒЫЗЫНШЫ «ПОЛИЦИЯ СЫНЫБЫ» АШЫЛДЫ

0
47

Жас ұрпақ тәрбиесінің сапалы болуы елдің ертеңгі азаматтарының заң мен тәртіпті құрметтейтін, отанын сүйетін адамдар болып ержетуіне ықпал етеді. Сол себепті де мемлекет тарапынан балабақша мен мектеп қабырғасынан бастап бүлдіршіндерге тәлімді тәрбие беру бойынша жұмыстар жүргізіледі. Түркістан облысында жас ұрпақ тәрбиесіне ерекше көңіл бөлініп, жоспарлы түрде жан-жақты тәрбие жұмыстары жүргізіліп келеді. Солардың қатарында мектептердің әр сыныбына белгілі жерлес тұлғалардың есімдерін беру арқылы солардың өмірі мен қызметін жас ұрпаққа өнеге ету болып табылады. Бүгінде жасөспірімдердің түрлі жаман қасиеттерден аулақ болуы, жастайынан заңдылықтарды сақтап, қоғамдық тәртіп қағидаларын бұзбай тәрбиелі болып өсуіне ықпал ету мақсатында, әрі халықтың, қоғамның, жекелеген азаматтардың қауіпсіздігін қорғап, тыныштығын сақтаушы құқық қорғау салсының беделі көтеру мен өнегелі істерін насихаттау үшін арнайы «Жас сақшы» сыныптары ашылып, оларға аймақтың құқық қорғау саласына еңбек сіңірген тұлғалардың есімдерін беру үрдісі жүргізіліп келеді.
Түркістан облысы Келес ауданында №44 Сырдария атындағы жалпы орта мектебінде Отан үшін еңбек етіп, қызметтік міндетін атқару кезінде қаза тапқан полиция майоры Есбаев Алдаберген Усенұлының атына «Полиция сыныбы» ашылды. Бұл Түркістан облысында ашылған 9-ыншы полиция сыныбы.
Сыныптың ашылу рәсіміне Түркістан облыстық полиция департаменті тәрбие және кадр жұмысы басқармасының орынбасары Ерлан Шамшат, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Сариев, мектеп ұжымы мен Алдаберген Есбаев ағамыздың анасы мен бауырлары қатысты.
Жиында сөз алған полиция бастығы Мұрат Әбілханұлы өскелең ұрпаққа полиция мамандығының қоғамда алатын рөлі жайлы айта келіп, марқұм болған Есбаев Алдаберген ағамыз жайлы да жылы естеліктері мен лебіздерін айтып өтті.
Сондай-ақ шарада полиция сыныбының алғашқы мүшелері болған жоғары сынып оқушылары өз Отанының қорғаушысы болуға, қоғамдық жұмыстарда белсенділік танытуға Ант берді. Ант беру рәсімінде 16 оқушыға «Жас сақшы» куәлігі табысталды.