МОБИЛЬДІ ТОП МҮШЕЛЕРІНІҢ ОТЫРЫСЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Мемлекет басшысы жас ұрпақтың болашақта жан-жақты дамыған азамат болып өсуі үшін арнайы бағдарламалар қабылдап, мектепке дейінгі тәрбие беру мекемелерінен бастап озық педагогикалық методикалық әдістерді, ұлттық, отбасылық құндылықтарға сай тәлім тәрбие беруді жолға қойған. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша мемлекеттік саясатты іске асыру, мектепке дейінгі ұйымдарды тиімді дамыту үшін жағдай жасау, ұсынылатын білім беру қызметінің сапасын қамтамасыз ету мақсатында 2024 жылдың 23 қыркүйек күні Түлкібас ауданының білім бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері Ж.Буралхиеваның ұйымдастыруымен «Ажар» Түлкібас бөбекжай-бақшасының базасында Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты мектепке дейінгі білім беру саласы бойынша мобильді топ мүшелерінің отырысы ұйымдастырылып, өткізілді.
Күн тәртібінде:
— «Баршаға қолжетімді сапалы білім» Ұлттық баяндамасы аясында Түркістан облысында іске асырылатын жол картасы;
— «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы;
— «Мектеп пен балабақша арасындағы сабақтастық»;
— «Ата-аналарға арналған концультациялық пункт» жұмыстарын жүйелеу.
Күн тәртібінде белгіленген жұмыстар бойынша жан-жақты талқыланып, тиімді кері байланыстар беріліп, өзара диалогтік алаңшасы орнады.
Алдағы уақытта мобильді топ мүшелерінің жұмысы өз жалғасын таба бермек.
Мектеп қабырғасынан бастап оқушыларды белсенділікке, шығармашылыққа, көшбасшылыққа тәрбиелеу арқылы жан-жақты жетілген азаматтар тәрбиелеу мақсатында Түлкібас ауданының білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдары арасында Мектептегі өзін-өзі басқару көшбасшыларының «Әрекет уақыты» республикалық балалар құрылтайының аудандық кезеңі өтілді.
Құрылтайдың мақсаты: мектептегі өзін-өзі басқаруды және балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, оқушылардың өзін-өзі басқару көшбасшыларының оң имиджін қалыптастыру, балаларды қосымша біліммен қамту.
Құрылтайға қатысушылар: мектеп парламенттерінің көшбасшылары – жалпы орта білім беру ұйымдарының 15-17 жастағы, 8-11 сыныптарда білім алушылары қатысты.
Құрылтай 4 номинация бойынша өткізілді:
1) «Біз біргеміз!» өзін-өзі басқарудың шығармашылық таныстырылымы.
2) «Мектеп парламентінің өмірінен бір күн» бейнероликтер байқауы.
3) Экспромт-байқаулар (бүкіл команда қатысады). Экспромт-байқаулар – мектеп парламенті көшбасшысының білімін, ұйымдастырушылық қабілетін бағалау.
4) «Мен және мектептегі өзін-өзі басқару» көрме-таныстырылым.
Байқау барысында:
1) жасөспірімдер мен жастардың көшбасшылық қасиеттерін іске асыру;
2) олардың азаматтық белсенді ұстанымының көрінісі;
3) мектептегі өзін-өзі басқару көшбасшыларының табысты жұмыс тәжірибесін, мектептегі өзін-өзі басқару қызметінің озық тәжірибесін анықтау міндеттері бойынша құрылтай байқауына қатысқан командалар, арнайы аудандық білім бөлімінің марапаттауларына ұсынылды.
Құрылтай қорытындысы бойынша жоғары нәтижеге қол жеткізген М.Ломоносов атындағы мектеп-лицейінің «Лаула» командасы облыстық кезеңіне жолдама алды.