«ҮЗДІК СЫНЫП ЖЕТЕКШІСІ» БАЙҚАУЫ ӨТТІ

0
77

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылға арнаған «Әділетті Қазақстан: хзаң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деп аталатын қазақстандықтарға Жолдауында білім саласына көп көңіл бөлді. Білім беру саласының деңгейін көтеру үшін өзінің тікелей бастамашылдығымен «Жайлы мектеп» жобасы жасалынып, ол бойынша пилоттық жобамен көптеген мектептер салынып жатқанын айтты. Жайлы мектептерде оқушылардың заманауи білім алуына, қосымша білімдер алуы мен робототехника, цифрландыру технологияларымен танысуына толық мүмкіндіктер жасалынған. Ендігі жерде сол заманауи мектептердің педагогтарының біліктілігі мен тәжірибелілігін, өз мамандығының жетік білгірі екенін ескере отырып жасақтау қажеттігін де еске салды.
Түркістан облысында білім саласының деңгейін көтеру мақсатында, білім беруді озық тәжірибелерге сүйене отырып жүзеге асыру үшін педагогтерді түрлі деңгейдегі курстардаоқытып, шетелдерден озық тәжірибе үйренігу жолдап, педпгогтық шеберлігі мен біліктілігін арттыруда. Осындай атқарылып жатқан жұмыстардың арасында облыс ұстаздары көптеген педагогикалық іс-шараларда үздіктігімен танылуда.
2024 жылдың 24 қыркүйек күні Түлкібас ауданының білім бөлімінің тәрбие саласының әдіскері Э.Қалдыбекованың ұйымдастыруымен Абай атындағы мектеп-лицейінің базасында аудандық «Үздік сынып жетекшісі» байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – үздік педагог сынып жетекшісін анықтап, олардың шығармашылық әлеуеті мен кәсіби шеберлігін көрсету және «Біртұтас тәрбие » бағдарламасын жүзеге асырудағы инновациялық озық тәжірибені тарату.
Байқауға жалпы орта білім беру ұйымдарының сынып жетекшілері қатысты. Байқау үш кезеңнен тұрды және кәсіби және қоғамдық жетістіктерін бағалау бойынша бағаланды:
— Электронды портфолио:
Жетістіктер мен жеңістер деңгейін бағалау:
— Креативті сынып сағатын әзірлеу.
— Сынып сабағын әзірлеу (мәтін және көпшілік алдында қорғау)
Байқауға 8 бастауыш сынып жетекшісі, 13 орта буын сынып жетекшісі және 6 жоғары буын сынып жетекшісі қатысты.
Байқауға қатысқан сынып жетекшілері тәрбие сағаттарының бейнеролигін ұсынды, портфолио жұмыстарын, сондай-ақ инновациялық әдістерді пайдаланып оқушылармен жасаған жұмыстарын, оқушылардың ата-аналарымен ынтымақтастық бағдарламасының презентациясын көрсетті.
Байқау қорытындысы бойынша әр буын бойынша жеңімпаздар анықталып, Гран-при иегері және I ,II , III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Бас жүлде алған жеңімпаздар 2024 жыл қыркүйектің 26-ы күні Түркістан қаласында өткізілетін облыстық кезеңге жолдама алды.
Бұл өткізіліп отырған шара педагогтардың мәртебесін арттыруға және білім сапасын жақсартуға бағытталды.