ОБЛЫСТА «1 ҚАЗАН — ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР» КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

0
78

Түркістан облысында қазақтың ұлттық құндылықтарымен астасып жатқан, адамгершілік қасиеттерге баулитын Қарттарға арналған мереке жаппай аталып өтуде. Өйткені, Қарттар –қазынамыз» деендей өмірден көргені мен түйгені көп, ел үшін ондаған жылдар бойы еңбек етіп тәлім мен тәжірибені бойына жиған қарияларымыз жас ұрпақты отаншыл етіп тәрбиелеуге, қоғамдағы бірлік пен ынтымаққа белсенді үлес қосушылар.
«1 Қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесіне орай Сарыағаш ауданы қарттарының бастарын қосып, дастархан жайылып, салтанатты іс-шара өтті. Іс-шара барысында, аудан әкімі Арман Абдуллаев сөз алып, құттықтау сөз сөйледі.
-Құрметті абзал ардагер ағалар, қадірлі асыл аналар!
Сіздердің әрбіріңіздің жүріп өткен жолдарыңыз, еткен еңбектеріңіз –келер ұрпақ үшін үлгі-өнеге.Өздеріңізден тәлім-тәрбие алған іні-қарындастарыңыз сіздер бастаған игілікті істерді жалғастыруда.Сіздердей Халқымыздың арасында әңгімесі бәтуалы ақсақалдарымыздың барында еліміздің ішінде алауыздықтың орын алмайтыны, жастарымыз жөнсіз кетпейтіні белгілі.
Сіздерді бүгінгі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, құт-береке тілеймін! Әрдайым қоғамда да, ел ішінде де сарқылмас даналық қасиеттеріңізбен ерекшелене беріңіздер! Мерейлі мерекелеріңіз құтты болсын!-деп ізгі тілегін жеткізді.
Мерекелі іс-шарада ауданның бірқатар қариялары әлеуметтік-экономикалық, әсіресе қоғамдық-саяси өмірінің дамуына қосқан орасан зор үлестері үшін төс белгілері және алғыс хаттармен марапатталды.
Сонымен қатар аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы М.Сүлейменов те мерекемен құттықтады. Мерекелік іс-шара концерттік бағдарламамен жалғасты.
Бәйдібек ауданының орталығында да1 қазан — «Халықаралық қарттар күні» мерекесі аталып өтті. Салтанатты іс-шараға аудан әкімі Ерлан Нұрмаханов және аудандық мәслихат төрағасы Имангелді Түймебаев қатысып, аудан ардагерлерін мерекемен құттықтап, құрмет көрсетті.
— Құрметті ардагерлер, ағалар және қадірлі әже-аналар! Сіздерді, 1 қазан — «Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Сіздер іргелі ел ретінде танылған тәуелсіз мемлекетімізді нығайтуға атсалысып, ерен еңбектеріңізбен үлес қостыңыздар. Аға ұрпақ өкілдерінің даналығы мен кемеңгерлігі әсіресе, жаңа заман жастарының тың бастамалары үшін айрықша маңызға ие. Сіздер сабырлық, қарапайымдылық қасиеттеріңізбен, біздерді мейірімділік пен еңбексүйгіштікке, Отанға, отбасына деген адалдыққа және абыройлы болуға тәрбиелеп келесіздер. Осы жүрек тебірентерлік жарқын мереке адамдарды Сіздердің алдарыңызда мәңгі қарыздар екендігімізді тағы да бір еске салғандай болады. Бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсаған аға ұрпақ өкілдерінің алдында бас иеміз. Баршаларыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, көтеріңкі көңіл-күй, бейбітшілік, ынтымақ пен береке, жақын туыстарыңыздың сый-құрметі мен қамқорлығын тілеймін! – деді Ерлан Заипұлы.
Шарада «Amanat» партиясының Бәйдібек аудандық филиалының төрағасы Ақбала Құлымбет, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бағдат Қалаубай мен аудандық әжелер алқасының төрайымы Әтір Әлиева ардагерлерді мерекемен құттықтап, ыстық лебіздерін білдірді.
Ауданымыздың елді мекендерінен келген ардагерлері де мерекелік іс-шарада әннен шашу шашып, мәдениет үйі өнерпаздарының арнайы дайындаған концерттік бағдарламасын тамашалады.
1 қазан — Халықаралық қарттар күні мерекесі аясында Мырзакент кентіндегі «Аяулым» мейрамханасында қазыналы қарияларға арналған аудан әкімінің ақ дастарханы жайылды.
Іс-шараға зейнет жасында жүрсе де елдің ынтымақ-бірлігінің артуына үлес қосып, елге қызмет етіп жүрген қазыналы қариялар, ардагерлер кеңесінің, әжелер алқасының белсенді мүшелері, ауыл билері және аз қамтамасыз етілген, жалғызілікті қарттар қатысты.
Аудан әкімі сөзге шығып, ауданымызда ынтымақ пен бірліктің нығайуына, қазақтың салт-дәстүрі мен әдет ғұрпының сақталуына және ұлттық тәрбиенің өскелең ұрпақтың бойына сіңіруге белсенді атсалысып жүрген қазыналы қарияларларға алғысын білдіріп, атаулы мерекемен баршаны құттықтады.
Мерекелік кеште «Мақтаарал» мәдениет үйінің қызметкерлері өнерлерін көрсетіп, қазыналы қарттардың көңілдерін көтеруге атсалысты. Сондай-ақ, белсенді еңбегімен көзге түскен бірнеше ардагерлер марапатталды.
Қазіргі таңда Мақтаарал ауданында 10 мыңнан аса зейнеткер бар. Оның 224-ы тыл ардагерлері. Сондай-ақ, 250-ге жуық жалғызілікті қарияларымыз ғұмыр кешуде.